Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.15 N 30 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 92 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімде 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 1706 тіркелді, 2009 жылғы 13 мамыр «Солтүстік Қазақстан», 2009 жылғы 13 мамыр «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
3 тармақта «алты айға» деген сөз «алты айға дейін» деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов