1993 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 01 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда N 13-4-94 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 16 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2010.11.22 N 16 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 44, 18, 17-бабтарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы Қазақстан Республикасы ер азаматтарының әскерге шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
      2. «Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.С. Турабайға (келісім бойынша) шақырту пунктісі үшін бөлме бөлу және қажет температуралық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолдануы ұсынылсын.
      3. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрілігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының бас дәрігері Ш.Қ.Сәбитоваға (келісім бойынша):
      1) медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандарымен, медициналық персоналмен жинақтасын;
      2) шақырту пунктісін қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен қамтамасыз етсін;
      3) тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның құрамын аурухана бойынша бұйрықпен бекітсін;
      4) денсаулық сақтау ұйымдарында орындарды қарастырсын.
      4. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.Н.Әділоваға 2010 жылға арналған аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған сомаға сәйкес азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі іс-шаралар үшін шығыстарды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Ақжар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы К.А. Бейсенбаевқа (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде:
      1) азаматтарды тіркеу мезгілінде шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіпті қолдауды қамтамасыз етсін;
      2) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды шақырту учаскесіне жеткізуді іске асырсын.
      6. Селолық округінің әкімдеріне:
      1) полицияның учаскелік инспекторларымен бірге азаматтардың шақырту учаскесіне жүз пайыз келуін қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияны өту үшін алыс жерде тұратын азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.А.Хасеновқа осы мақсаттарға бөлінген қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінде әскерге шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
      8. Азаматтардың тіркеуі «Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жүргізілсін.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      10. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        З. Молдағанапов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Қазақстан Республикасының
      денсаулық сақтау Министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің Ақжар аудандық
      ауруханасы» коммуналдық
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Ш.Қ. Сәбитова

      «Солтүстік Қазақстан облысының
      ішкі істер департаменті Ақжар
      ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К.А. Бейсенбаев

      «Ақжар ауданының қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.С. Турабай

О проведении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку отдела по делам обороны Акжарского района

Решение акима Акжарского района Северо-Казахстанской области от 5 января 2010 года N 01. Зарегистрировано Управлением юстиции Акжарского района Северо-Казахстанской области 6 января 2010 года N 13-4-94. Утратило силу - решением акима Акжарского района Северо-Казахстанской области от 22 ноября 2010 года N 16

      Сноска. Утратило силу - решением акима Акжарского района Северо-Казахстанской области от 22.11.2010 N 16

      В соответствии со статьями 17, 18, 44 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 74 «О воинской обязанности и воинской службе», постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», аким района РЕШИЛ:
      1. Провести в январе-марте 2010 года приписку граждан мужского пола Республики Казахстан 1993 года рождения, которым в год приписки исполняется 17 лет, и старших возрастов, ранее не прошедших приписку, к призывному участку.
      2. Рекомендовать начальнику государственного учреждения «Отдел по делам обороны Акжарского района» Турабай Т.С. (по согласованию) выделить помещение под призывной пункт и принять меры по обеспечению его необходимым температурным режимом.
      3. Главному врачу коммунального государственного казенного предприятия «Акжарская центральная районная больница акимата Северо-Казахстанской области Министерства здравоохранения Республики Казахстан» Сабитовой Ш.К. (по согласованию):
      1) укомплектовать медицинскую комиссию квалифицированными врачами-специалистами, медицинским персоналом;
      2) обеспечить призывной пункт необходимым инструментарием, медикаментами;
      3) состав медицинской комиссии по приписке утвердить приказом по больнице:
      4) предусмотреть места в организациях здравоохранения.
      4. Начальнику государственного учреждения «Акжарский районный отдел финансов» Адиловой А.Н. обеспечить своевременное финансирование расходов на мероприятия по приписке граждан к призывному участку, в соответствии с суммой, предусмотренной на эти цели в бюджете района на 2010 год.
      5. Рекомендовать начальнику отдела внутренних дел Акжарского района Бейсенбаеву К.А. (по согласованию) в период приписки граждан к призывному участку:
      1) обеспечить правопорядок на призывном участке;
      2) осуществлять доставку на призывной участок граждан, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности.
      6. Акимам сельских округов:
      1) совместно с участковыми инспекторами полиции обеспечить стопроцентную явку граждан на призывной участок;
      2) обеспечить доставку граждан, проживающих в отдаленной местности, для прохождения медицинской комиссии по приписке.
      7. Руководителю государственного учреждения «Аппарат акима Акжарского района Северо-Казахстанской области» Хасенову К.А. обеспечить своевременное исполнение расходов на мероприятие по приписке граждан к призывному участку за счет средств местного бюджета в пределах ассигнований, выделенных на эти цели.
      8. Комиссию по приписке провести в здании государственного учреждения «Отдел по делам обороны Акжарского района».
      9. Контроль за исполнением данного решения возложить на заместителя акима района Айтмухаметова Г.К.
      10. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. акима района                          З. Молдаганапов
      СОГЛАСОВАНО:
      Главный врач коммунального Сабитова Ш.К.
      государственного казенного
      предприятия «Акжарская
      центральная районная больница
      акимата Северо – Казахстанской
      области Министерства
      здравоохранения Республики
      Казахстан»

      Начальник государственного                 Беисенбаев К.А.
      учреждения «Отдел внутренних
      дел Акжарского района
      департамента внутренних дел
      Северо-Казахстанской области»

      Начальник государственного                 Турабай Т.С
      учреждения «Отдел по делам
      обороны Акжарского района»