1994 жылы туған Ақжар ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтарының 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін әскерге шақыру учаскесінде тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 желтоқсанда N 13-4-112 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 17 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2011.12.01 N 17 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 17-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тiркеу жылы он жетi жасқа толатын 1994 жылы туған Ақжар ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтарының 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін әскерге шақыру учаскесінде тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      3. «1993 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 01 шешімі (2010 жылғы 06 қаңтарда № 13-4-94 нөмірімен нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде тіркелген және аудандық «Дала дидары» газетінің 2010 жылғы 9 қаңтардағы № 1-2 санында жарияланған) күші жойылған деп саналсын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Тастеміров

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.С. Турабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады