Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 08.04.2013 N 02.09.01-05/374 хаты)
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19, 20-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығың іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысы, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа (келісім бойынша) келесі міндеттер ұсынылсын:
әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметкерлер мен қамтамасыз етсін;
аудандағы емдеу мекемесінде әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеруден өткізу үшін орын қарастырылсын;
шақыру учаскесін қажетті аспаптармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлкпен қамтамасыз етсін.
4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкантқа Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуды өткізу үшін, бюджетте қаралған қажетті қаражатты уақытылы бөлінуді қамтамасыз етсін.
5. Селолық округтердің әкімдері персоналдық әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде әскери шақырылушыларды шақыру комиссиясына келуін және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуін қамтамасыз етсін.
6. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Балабек Әділбекұлы Жахинға (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу участігіне келу бақылауын іске асыру және қажетті реті мен тәртіпті қамту, тіркеуден жалтарту әрекетін алдын кесу.
7. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинға (келісім бойынша):
әскерге шақырылу кестесін әзірлесін және бекіту үшін ұсынсын; әскерге шақырудың қорытындысы туралы аудан әкіміне әскери шақыру аяқталған соң ақпарат берсін.
8. Әскерге шақыру комиссиясының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персонал адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталады.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Б. Ғабдуллин
2010 жылғы 20 сәуір
«Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.А. Жахин
2010 жылғы 20 сәуір
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің «Ғабит
Мүсірепов атындағы ауданның Орталық
аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу
мемлекеттік құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері Қ.Б. Бижанов
2010 жылғы 20 сәуір
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі № 106
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы ер азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру комиссиясы құрамы
Ғабдуллин
Дулат Бекейұлы «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы
Симиков
Василий Иванович азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар бойынша аудан әкімі
аппаратының бас маманы,
комиссия төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері:
Бестаев
Талап Төлеұлы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығының
орынбасары
Селезень
Алексей Николаевич Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорынның ұйымдастыру-әдіскерлік
бөлімінің меңгерушісі дәрігерлік,
дәрігерлік комиссия төрағасы
Бейкель
Светлана Николаевна Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорынның емхананың
дерматовенерологиялық бөлімшенің
кабинет медбикесі, комиссия хатшысы
Тіркеу комиссиясының мүшелері сырқаттанып немесе басқа да себептермен келмей қалған жағдайда келесі көмекшілер белгіленсін:
Оржеховский
Александр Иосифович «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт
бойынша әскери қызметшілерді жинақтау
және әскерге шақыру бөлімшесінің
бастығы, комиссия төрағасы
Тайшабаева
Алтыншаш Жұлдызбекқызы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімінің әлеуметтік мәселелер
жөніндегі орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері:
Дорогой
Анатолий Павлович Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
ішкі істері бөлімінің лицензиялы-
рұқсат жүйесінің инспекторы
Бижанов
Қаныш Болатұлы Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорынның бас дәрігері, дәрігерлік
комиссия төрағасы
Сергеева
Любовь Андреевна Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорынның медбикесі, комиссия
хатшысы