Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011.12.23 N 322 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданының аумағында 2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектері;
50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
біреуі де жұмыс істемейтін отбасылары тұлғалары;
кәсіпорынның штаты немесе санының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
2. «Есіл ауданының аумағында 2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 160қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 мамырында № 13-6-148 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 24 «Есіл таңы», 2010 жылғы 28 мамырдағы № 25 «Ишим» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Есіл ауданының әкімі А. Бегманов