2012 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 322 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғыи 5 қаңтарда N 13-6-182 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 2013 жылғы 10 қаңтардағы N 02.04.06-11/29 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 10.01.2013 N 02.04.06-11/29 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)5-4) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      22-ден (жиырма екі) 29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
      50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
      ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (алты айдан астам);
      оқу орындарының түлектері;
      біреуі де жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары.
      2. «2011 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 405 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 9 қаңтарында № 13-6-157 тіркелген, 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 5 «Есіл таңы», 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 4 «Ишим» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А.Бегманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады