Есіл ауданының аумағында 2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 160 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 мамырда N 13-6-148 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 405 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.12.08 N 405 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Есіл ауданының аумағында 2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіби колледждердің түлектері;
      50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
      біреуі де жұмыс істемейтін отбасылары тұлғалары.
      2. «Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 397 қаулысының (2008 жылғы 18 қаңтардағы № 13-6-64 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 «Есіл таңы», 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 «Ишим» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А. Бегманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады