Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие беру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 36/212 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қаңтарда N 13-6-160 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 51/276 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.12.22 N 51/276 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау іс-шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жеті есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын маманмен өтініш берілген сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.0.7 N 44/251 Шешімімен
      3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде осы шешімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар қабылдансын.
      4. «2010 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы беру және әлеуметтік қолдау туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/146 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қаңтарында № 13-6-138 тіркелген, 2010 жылғы 14 мамырдағы № 22 (207) «Есіл таңы», 2010 жылғы 14 мамырдағы № 23 (8485) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған).
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      С. Қалиева                                 Б. Шериязданов

      Келісілді: 2010 жылғы 22 желтоқсан

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Позолотин

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко

О предоставлении подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 22 декабря 2010 года N 36/212. Зарегистрировано Управлением юстиции Есильского района Северо-Казахстанской области 26 января 2011 года N 13-6-160. Утратило силу - решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 22 декабря 2011 года N 51/276

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 22.12.2011 N 51/276

      В соответствии с подпунктом 15 пунктом 1 статьи 6 закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) пунктом 3 статьи 7 закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 66 «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Есильский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю.
      2. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района социальную поддержку в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      Сноска. Пункт 2 в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 27.07.2011 N 44/251
      3. Государственному учреждению «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Есильского района Северо-Казахстанской области» как уполномоченному органу по развитию сельских территорий принять меры по реализации настоящего решения.
      4. Признать утратившим силу решение районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 24/146 «О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района в 2010 году» (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 29 января 2010 года № 13-6-138, опубликовано в районных газетах «Есіл Таны» 14 мая 2010 года № 22(207), «Ишим» 14 мая 2010 года № 23(8485).
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Секретарь
      районного маслихата                        районного маслихата
      С. Калиева                                 Б. Шериязданов

      Согласовано: 22 декабря 2010 года

      Начальник
      государственного учреждения
      «Отдел сельского хозяйства и
      ветеринарии Есильского района
      Северо-Казахстанской области»              Д. Позолотин

      Начальник
      государственного учреждения
      «Отдел экономики и бюджетного
      планирования Есильского района
      Северо-Казахстанской области»              Г. Стороженко