2010 жылы Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 24/146 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 13-9-138 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 36/212 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 36/212 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы өтініш беру кезіне жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы өтініш берген маманмен алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      3. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде осы шешімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Шериязданов
      (ЕАМ)

      КЕЛІСІЛДІ: 2009 жылғы 28 желтоқсан
      «Есіл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б. Әлжанов
      (ААШБ)
      «Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко
      (АЭБЖБ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады