«Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 51/276 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қаңтарда N 13-6-183 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қаңтардағы N 01-21/9 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013.01.11 N 01-21/9 хаты)

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 5/24 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1.  Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы берілсін.
       Ескерту.1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 5/24 Шешімімен      
      2. Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 5/24 Шешімімен        
      3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне селолық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдасын.
      4. «Есіл ауданының селолық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие беру туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 36/212 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 26 қаңтарында № 13-6-160 тіркелген, 2011 жылғы 11 наурыздағы № 11(251) «Есіл таңы», 2011 жылғы 11 наурыздағы № 11(8530) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған).
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Е. Олейникова                              Б. Шериязданов

      Келісілді:                              2011 жылғы 22 желтоқсан

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Д. Позолотин
      (ААШжВБ)

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г. Стороженко
      (АЭжБЖБ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады