Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауыл", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің 12.11.2018 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағы, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Пресновка ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отыра ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының Береговая көшесі Сергей Анатольевич Васильченко көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ж. Дүйсенбин |