Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 44 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосының көшесін қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 67 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 5013 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Преснов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 44 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосының көшесін қайта атау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-7-135 болып тіркелген, 2010 жылдың 29 қазанында "Ауыл арайы" және 2010 жылдың 29 қазанында "Сельская новь" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауыл", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде "селосы" сөзі "ауылдық округі" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Преснов ауылдық
округінің әкімі
Е. Мұхамеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады