Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011.10.14 N 129 хаты)
Қазақстан Республикасының 2008 жылы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылы 28 сәуіріндегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес аудандық маслихат ШЕШТІ:
1. Мамлют ауданының азаматтарына келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына моншалар мен шаштараздардың қызметін пайдалану үшін айына 400 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша нақты құны бойынша тіс протездеуіне (қымбат бағалы металлдармен металлкерамикалық протездеуден басқа) әлеуметтік көмек;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет тұрмыс құрмаған жесірлеріне; қаза тапқан әскерлердің отбасыларына әйелдеріне (күйеулеріне) әскери қызметін тылда өтегендерге және тылда еңбек еткен азаматтарға, нақты құны бойынша барлық санаттағы мүгедектерге және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «ҚаҺарман Ана» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға немесе «ҚаҺарман Ана» атағын ертерек алғандарға және барлық санаттағы мүгедектерге нақты сомасы бойынша санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет санаторлық–курорттық емделудің құны көлемінде әлеуметтік көмек;
4) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға аудан аумағында тұрақты тұратын жеке санаттағы азаматтарға; «Алтын алқа», «Күміс алқа», «ҚаҺарман Ана» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, саяси репрессияға ұшырағандарға; мүгедектігі бар және зейнетке шыққан саяси репрессия құрбаны болған тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі үшін қаҺармандығы үшін Кеңес Одағы Республикаларының медальдары мен ордендерімен марапатталғандарды Астана қаласына саяхатқа баруына нақты құны бойынша әлеуметтік көмек;
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына аудандық тұрақты баспаларға «Солтүстік Жұлдызы», «Знамя труда» және облыстық тұрақты баспаларға «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» және «Егемен Казақстан», «Казахстанская правда» республикалық тұрақты баспаларға жазылуына жылына бір рет әлеуметтік көмек;
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010.06.03 N 24/1 Шешімімен
6) Мамлют ауданына тұрақты жұмыс істеуге келген медицина қызметкерлеріне, бір рет мөлшерде:
дәрігерлер мен жоғарғы медицина оқу орындарының түлектеріне – екі жүз мың теңгеден;
орта медицина оқу орындарының түлектеріне елу мың теңгеден.
Ескерту. 1-тармақ 6) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010.06.03 N 24/1 Шешімімен
2. Белгіленсін:
1) ай сайынғы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына моншалар мен шаштараздардың қызметін пайдалану үшін әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің өлімінен немесе аудан аумағынан кеткеннен кейін тоқтатылады. Төлем ақпарат келіп түскен айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
2) тіс протездеуге әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының мүгедектерін мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша лицензиясы бар медицина ұйымының нақты құны бойынша тіс протездеуіне (қымбат бағалы металлдармен металлкерамикалық протездеуден басқа) аудан бюджетінде қарастырылған көлемі шегінде тағайындалады;
3) жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдер әлеуметтік көмек алушының жеке шотына екінші деңгейлі банк арқылы немесе өкілетті орган берген тізімге сәйкес банк операцияларының түрлерін көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
3. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарында туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
(МАМ)
Н. Сағандықов А. Нұртаев
«Келісілген»:
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы В. Артимович
(ЖҚӘББ)