Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 наурыздағы "2010 жылға жеке санаттарға жататын азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы" N 22/4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 маусымдағы N 24/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 шілдеде N 13-10-115 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қазандағы N 129 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011.10.14 N 129 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 наурыздағы «2010 жылға жеке санаттарға жататын азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы» № 22/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-10-106 2010 жылдың 8 сәуірінен, аудандық «Знамя труда» № 16 газетінде 2010 жылдың 9 сәуірінен жарияланған) шешімі 1-тармақ 6) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «6) Мамлют ауданына тұрақты жұмыс істеуге келген медицина қызметкерлеріне, бір рет мөлшерде:
      дәрігерлер мен жоғарғы медицина оқу орындарының түлектеріне – екі жүз мың теңгеден;
      орта медицина оқу орындарының түлектеріне елу мың теңгеден.»
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысының міндетін
                                                 атқарушы (МАМ)
      А. Севостьянова                            А. Қошанов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В. Артимович
      (ЖҚӘББ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады