Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің 28.06.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылдың 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және округ тұрғындарының пікірін еске ала отырып, ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне № 1 қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2. Осы шешім, алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Ауылдық округі әкімі | Г. Тілегенова |
Пригород ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 қарашасындағы № 12 шешіміне № 1-қосымшасы |
Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы
Покровка ауылы:
1) бірінші көшесі – Береговая;
2) екінші көшесі – Жеңіс;
3) үшінші көшесі – Мира;
4) төртінші көшесі – Астана;
5) бесінші көшесі – Жастар;
6) алтыншы көшесі - Конституция
Красный Октябрь ауылы:
1) бірінші көшесі - Абай Құнанбаев;
2) екінші көшесі - Мағжан Жұмабаев;
3) үшінші көшесі - Сәкен Сейфуллин
2591 км:
1) бірінші көшесі - Центральная