"Мамлют ауданы Пригород селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4807 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мамлют ауданы Пригород селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-124 болып тіркелді, 2011 жылғы 14 қаңтардағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні,сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н. Бәкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады