Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы 28-бабы 6-тармағына сәйкес, үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Шал ақын ауданының аумағында № 6 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы жүктелсін.
3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмрин
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасымен Л.М. Мұхамеджанова
2010 жыл 22 ақпан
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 ақпан № 34
қаулысына қосымша
Шал ақын ауданының аумағында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
№ |
Елді мекеннің |
Үгіттік баспа материалдарын |
1 |
2 |
3 |
Кривощеков селолық округі |
||
1. |
Кривощеково |
Кривощеков орта мектебінің |
2. |
Социал селосы |
Социал негізгі мектебінің |
3. |
Соколовка |
Соколовка мектебінің ғимаратына |
Сухорабов селолық округі |
||
4. |
Сухорабовка |
Сухорабов орта мектебінің |