Шал ақын ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 34 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 наурызда N 13-14-96 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы 28-бабы 6-тармағына сәйкес, үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шал ақын ауданының аумағында № 6 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы жүктелсін.
      3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Әмрин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасымен                  Л.М. Мұхамеджанова
      2010 жыл 22 ақпан

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 ақпан № 34
қаулысына қосымша

Шал ақын ауданының аумағында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі


р/р

Елді мекеннің
атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары

1

2

3

Кривощеков селолық округі

1.

Кривощеково
селосы

Кривощеков орта мектебінің
ғимаратына кіретін орталық есік
жанындағы алаңдағы ақпараттық стенд

2.

Социал селосы

Социал негізгі мектебінің
ғимаратына кіретін орталық есік
жанындағы алаңдағы ақпараттық стенд

3.

Соколовка
селосы

Соколовка мектебінің ғимаратына
кіретін орталық есік жанындағы
алаңдағы ақпараттық стенд

Сухорабов селолық округі

4.

Сухорабовка
селосы

Сухорабов орта мектебінің
ғимаратына кіретін орталық есік
жанындағы алаңдағы ақпараттық стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады