Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" деген сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк селолық округі әкімінің 26.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Городецк ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
1) Городецкое ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Приозерная;
екінші көшеге – Садовая;
үшінші көшеге – Центральная;
төртінші көшеге – Молодежная;
бесінші көшеге - Степная;
бірінші тұйық көшеге – Солнечный;
екінші тұйық көшеге – Спортивный.
2) Коноваловка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Центральная;
екінші көшеге – Степная;
үшінші көшеге -Береговая.
3) Баганаты ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Школьная;
екінші көшеге – Центральная.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Шәйкенова |