Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Городецк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Городецк селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 08 қазандағы №7 (2010 жылғы 05 қарашадағы шешіміне "Новатор", "Парыз" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-14-115 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" деген сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Капеева |