Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк селолық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазандағы N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 13-14-115 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" деген сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк селолық округі әкімінің 26.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Городецк ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      1) Городецкое ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Приозерная;

      екінші көшеге – Садовая;

      үшінші көшеге – Центральная;

      төртінші көшеге – Молодежная;

      бесінші көшеге - Степная;

      бірінші тұйық көшеге – Солнечный;

      екінші тұйық көшеге – Спортивный.

      2) Коноваловка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Центральная;

      екінші көшеге – Степная;

      үшінші көшеге -Береговая.

      3) Баганаты ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Школьная;

      екінші көшеге – Центральная.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Шәйкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады