Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 11.05.2016 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Жайық өзенінің су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылық пайдалану режимі Атырау қаласы аумағында - 81,1 км, Махамбет ауданында -113,65 км, Индер ауданында – 89,45 км, Қиғаш өзенінің - Құрманғазы ауданы аумағында – 65,35 км. ұзындықта белгіленсін.
2. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорғау белгілерін орнату және бекіту шараларын алcын.
3. Атырау қаласы, Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарының әкімдері:
1) Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын өзгертуді жүзеге асырсын, жер-есепке алу құжаттамасына оларды су қоры жерлеріне ауыстыру жөнінде өзгерістер енгізсін және берілген жұмыстардың жүргізілуіне үнемі бақылауды қамтамасыз етсін.
2) су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарды құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізсін.
4. Ведомстволық тиістілігі мен меншік түріне қарамастан, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер учаскелерін пайдаланып отырған кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық субъектілерінің басшыларына жерлерді тиісті санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылық пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Атырау облысының аппараты осы қаулының әділет органдарында тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. А. Дәукеновке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Рысқалиев |
Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 қаулысына1-қосымша |
Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Қазақстан Республикасының Су кодексіне және "Атырау қаласы, Махамбет, Индер аудандары шегінде Жайық өзенінің су қорғау белдеулері мен аймақтары шекарасын белгілеу жобасы" мен "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау белдеулері мен аймақтары шекараларын белгілеу жобасы" бекітілген жобалау құжаттамаларына сәйкес төмендегілер қабылданды:
1. Су қорғау аймағы судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ болып табылады.
Жайық және Қиғаш өзендері әрқайсысының жағалауларының су қорғау аймақтарының ені орташа көпжылдық жоғары деңгейдегі шегінен өзеннің су тасу кезіндегі орташа көпжылдық деңгейдегі шегіне дейін (өзен жайылмаларын, жайылма үсті террасасын, іргелі жағалаулары құламалы беткейлерін, жыралар мен балдарды есептегенде) және 1000 метрді қоса белгіленеді.
Атырау қаласының, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандарының елді мекендері мен селитебтік емес учаскелерінің аумақтарында Жайық және Қиғаш өзендері су қорғау аймақтарының шекарасы мен өлшемдері жоғары орналасқан аумақтардың (өзенді алқаптар мен құламалардың жиектері, жол-көлік жүйелері, дамбылар) үстіңгі ағысының өзенге құю мүмкіндігін болғызбайтын табиғи және жасанды шекараларын немесе бөгеттерді ескере отырып белгіленген.
Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтарының шекаралары: Атырау қаласы бойынша:
Атырау қаласы аумағында су қорғау аймағының өлшемдері мен шекаралары бекітілген бас жоспарларға сәйкес жоспарлау мен құрылыс салудың нақты жағдайларына сүйене отырып белгіленген. Атырау қаласы аумағында Жайық өзенінің су қорғау аймақтарының белгіленген ені жоспарлау мен құрылыс салудың нақты жағдайларын есептегенде 390-1100 м. құрайды.
Атырау қаласының селолық округтері бойынша:
Аспа, Бесікті, Талқайраң, Ақжар, Ақсай, Томарлы, Балықшы, Ракуша, Жаңаталап, Атырау, Құрманғазы және Дамбы елді мекендері үшін су қорғау аймақтарының ені су басу шекарасынан 1000 м. құрайды. Селитебтік емес учаскелер үшін: жергілікті жағдайларға байланысты сол жағалауда су қорғау аймағы ені 800-1100 м., оң жағалауда су басу аймағы шекарасынан 700-1100 м. құрайды.
Индер ауданы бойынша:
Аққала, Елтай, Ынтымақ, Бөдене, Есбол, Өрлік, Жарсуат, Қызылжар, Көктоғай, Құрылыс елді мекендері үшін су қорғау аймақтарының ені 1000 м. құрайды; аудан орталығы Индербор үшін су қорғау аймағының ені су басу шекарасынан 600 м-ден 1200 м-ге теңестіріліп қабылданды. Селитебтік емес учаскелер үшін: жергілікті жағдайларға байланысты сол жағалауда - су қорғау аймағы ені 500-1200 м., оң жағалауда су басу аймағы шекарасынан 600-1100 м. құрайды.
Махамбет ауданы бойынша:
Атамбаев, Құмшығанақ, Кеңөріс, Ақжайық, Ақтоғай, Сарытоғай, Есбол, Ортақшыл, Жалғансай, Еңбекшіл, Сарайшық, Бейбарыс, Алға, Аққайың, Талдыкөл, Алмалы және Береке елді мекендері үшін су қорғау аймағының ені 1000 м. құрайды; аудан орталығы – Махамбет үшін су қорғау аймағының ені су басу шекарасынан 600 м–ден 1300 м-ге өзгеріп отырады. Селитебтік емес учаскелер үшін: жергілікті жағдайларға байланысты сол жағалауда - су қорғау аймағының ені 600-1200 м., оң жағалауда су басу аймағы шекарасынан 700-1100 м. құрайды.
Құрманғазы ауданы бойынша:
Д. Нұрпейісова, Жыланды, Көптоғай, Рембаза, Шортанбай, Ганюшкинтобе, Жасталап, Котяевка, Ғизат Әліпов, Зормата, Күйген, Ирмен, Кудряшов, Жаңаауыл, Сафон, Богатое, Утера, Шағырлы, Ақкөл, Жаутай, Дәшін, Әлиауыл, Нұржау, Шағырлы түбек, Ақтөбе, Орлы, Алислан, Жамбыл, Хлебников, Каспаркино, Ковалево, Майоровский, Приморье, Ягодное, Красиловка, Ганюшкино, Самаркин, Камышитовый, Микиль, Мұхантүбек, Шестой, Аэропорт, Кәдірке, Әлсейт, Жұмекен, Калинино, Кобяково, Еңбекші, Талдыарал, Алға, Қаракөл және Көкарна елді мекендері үшін су қорғау аймағының ені су басу аймағы шекарасынан 1000 м. құрайды.
Қиғаш өзенінің тармақтарымен қоса селитебтік емес учаскелер үшін су қорғау аймағының ені су басу аймағы шекарасынан 1000 м. құрайды.
2. Су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде отыз бес метр болатын аумақ болып табылады.
Атырау қаласы және оның селолық округтері, Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарының елді мекендері шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау белдеулері шекаралары "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы жобасы" мен "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобасына түзету мен толықтырулар жобасы" бекітілген жобалық құжаттамамен белгіленеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 2011.04.01 № 94; 2011.11.07 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау белдеулерінің шекаралары: Атырау қаласы бойынша:
Атырау қаласы аумағы шегінде Жайық өзенінің су қорғау белдеулерінің шекаралары су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болғызбайтын жоспарлау мен құрылыс салудың нақты жағдайларына және жағалау аймақтың инженерлік жабдықталуына (жақтаулар, бөгеттер, орманбұталы белдеулер және т.б.) сүйене отырып белгіленген және олардың ені 35 м-ден – 100 м–ге дейін құрайды.
Атырау қаласының селолық округтері бойынша:
Аспа, Бесікті, Талқайраң, Ақжар, Ақсай, Томарлы, Балықшы, Ракуша, Жаңаталап, Атырау, Құрманғазы және Дамбы елді мекендері мен екі жағалаудың да селитебтік емес учаскелерінің су қорғау белдеулерінің ені жергілікті жағдайларға байланысты 35-100 м құрайды.
Индер ауданы бойынша:
Аққала, Индербор, Елтай, Ынтымақ, Бөдене, Есбол, Өрлік, Жарсуат, Қызылжар, Көктоғай, Құрылыс елді мекендері мен екі жақ жағалаудың да селитебтік емес учаскелерінің су қорғау белдеулерінің ені жергілікті жағдайларға байланысты 35-100 м. құрайды.
Махамбет ауданы бойынша:
Атамбаев, Құмшығанақ, Кеңөріс, Ақжайық, Ақтоғай, Сарытоғай, Есбол, Ортақшыл, Жалғансай, Еңбекшіл, Сарайшық, Бейбарыс, Алға, Аққайың, Талдыкөл, Алмалы, Береке елді мекендері мен екі жағалаудың да селитебтік емес учаскелерінің су қорғау белдеулерінің ені жергілікті жағдайларға байланысты 35-100 м. құрайды.
Құрманғазы ауданы бойынша:
Д. Нұрпейісова, Жыланды, Көптоғай, Рембаза, Шортанбай, Ганюшкин, Жасталап, Котяевка, Ғизат Әліпов, Зормата, Күйген, Ирмен, Кудряшов, Жаңаауыл, Сафонов, Богатое, Утера, Шағырлы, Ақкөл, Жаутай, Дәшін, Әлиауыл, Нұржау, Шағырлы түбек, Ақтөбе, Орлы, Алислан, Жамбыл, Хлебников, Каспаркино, Ковалево, Майоровский, Приморье, Ягодное, Красиловка, Ганюшкино, Самаркин, Камышитовый, Микиль, Мұхантүбек, Шестой, Аэропорт, Кәдірке, Әлсейіт, Жұмекен, Калинино, Кобяково, Еңбекші, Талдыарал, Алға, Қаракөл және Көкарна елді мекендері мен селитебтік емес учаскелерінің су қорғау белдеулерінің ені жергілікті жағдайларға байланысты 35-100 м құрайды.
Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 қаулысына 2-қосымша |
Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимi
1. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Ескерту. Шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда 12.03.2014 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Су қорғау белдеулері шегінде, жоғарыда көрсетілгеннен басқа:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Ескерту. Шешімнің 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда 12.03.2014 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимiнің 2–тармағы 2-тармақшасының ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды.
Бұл ретте оларды пайдалануға ұйымдастырылған, орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана жол беріледі.
4. Су қорғау аймақтарында жаңадан жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдармен арнайы су қорын пайдалану мен қорғау, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша жүргізіледі.