Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 96 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 маусымда № 3537 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
2016 жылғы "11"05
Г. Азидуллин
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі мұнай-
газ кешеніндегі экологиялық
реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетінің Атырау
облысы бойынша Экология
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
2016 жылғы "11"05
Е. Қуанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
2016 жылғы "11"05
Ө. Зинуллин

  Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "11" мамырдағы № 96 қаулысына қосымша

Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгеріс

      1. "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, 2010 жылы 6 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27- бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2612 болып тіркелген, 2012 жылы 5 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27- бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      3. "Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 153 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2013 жылы 20 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады