Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және
су ресурстары министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Қуанов
2014 жылғы 12 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және
су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің Атырау облысы
бойынша экология департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Қуанов
2014 жылғы "12" 03
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрлігінің Жер ресурстарын басқару
комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Сүлейменов
2014 жылғы "12" 03
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ө. Зинуллин
2014 жылғы "12" 03
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 66 қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:
"Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі" 2-қосымшасында:
1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға";
2-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға".
2. "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2612 тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:
"Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық пайдалану режимі" 2-қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады".
3. "Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 153 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 тіркелген, 2013 жылғы 20 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:
"Жем, Сағыз және Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі" 2-қосымшасында:
1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға";
2-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға".