Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. Әл-Фараби ауданындағы солтүстік-шығыс жағынан Қабанбай батыр даңғылымен, солтүстік-батыс жағынан Әйтеке би көшесімен және оңтүстік-батыс жағынан Ерманов көшесімен шектелетін аумақ Тәуелсіздік алаңы деп аталсын.
2. Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Машат көшесімен, оңтүстік жағынан Жібек жолы даңғылымен, оңтүстік-шығыс жағынан Е.Спатаев көшесімен шектелетін аумақ Ұлағат шағынауданы.
Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Жібек жолы даңғылымен, солтүстік-батыс жағынан Бурабай көшесімен, оңтүстік-шығыс жағынан Жаңажол көшесімен шектелетін аумақ Мирас шағынауданы деп аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Ж.Махашов
Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбаев