Шымкент қаласының жеке құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 39/351-4с шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 1475 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қазанда N 14-1-123 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Әл-Фараби ауданындағы солтүстік-шығыс жағынан Қабанбай батыр даңғылымен, солтүстік-батыс жағынан Әйтеке би көшесімен және оңтүстік-батыс жағынан Ерманов көшесімен шектелетін аумақ Тәуелсіздік алаңы деп аталсын.
      2. Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Машат көшесімен, оңтүстік жағынан Жібек жолы даңғылымен, оңтүстік-шығыс жағынан Е.Спатаев көшесімен шектелетін аумақ Ұлағат шағынауданы.
      Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Жібек жолы даңғылымен, солтүстік-батыс жағынан Бурабай көшесімен, оңтүстік-шығыс жағынан Жаңажол көшесімен шектелетін аумақ Мирас шағынауданы деп аталсын.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Ж.Махашов

      Шымкент қаласының әкімі                    А.Жетпісбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады