"Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 20/262-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 сәуірде N 2529 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 03 шілдедегі № 4/63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына , «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде тіркелген № 2452, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 «Дидар», 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) шешімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауының (бұдан әрі - Нұсқау) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсынудың шартын нақтылайды.»;
      2) 2 бөлім атауында «тәртібі» сөзі «жағдайлары» сөзімен ауыстырылсын;
      3) нұсқаудың 9-тармақты қоспағандағы 3 бөлімі, сондай-ақ 12 қосымшалары алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                        Б. Нұрасыл

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы                   В. Ахаев

О внесении изменений в решение от 17 июля 2007 года № 24/388-III "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан"

Решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 апреля 2010 года N 20/262-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 22 апреля 2010 года за N 2529. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 03 июля 2012 года № 4/63-V

       Сноска. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 03.07.2012 № 4/63-V.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», Восточно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата «О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан» от 17 июля 2007 года № 24/388-III (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2452, опубликовано в газетах «Дидар» от 7 августа 2007 года № 94-95, «Рудный Алтай» от 7 августа 2007 года № 118) следующие изменения:
      1) преамбулу Инструкции предоставления материальной помощи некоторым категориям граждан (далее - Инструкция) изложить в следующей редакции:
      «Настоящая Инструкция предоставления материальной помощи некоторым категориям граждан (далее – Инструкция) разработана в целях реализации статьи 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» и детализирует условия предоставления материальной помощи для компенсации расходов на коммунальные услуги некоторым категориям граждан.»;
      2) в наименовании Раздела 2 слово «Порядок» заменить словом «Условия»;
      3) раздел 3 Инструкции, за исключением п. 9, а также приложения 12 исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                       Б. Нурасыл

      Секретарь Восточно-Казахстанского
      областного маслихата                      В. Ахаев