Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына , «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде тіркелген № 2452, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 «Дидар», 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) шешімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауының (бұдан әрі - Нұсқау) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсынудың шартын нақтылайды.»;
2) 2 бөлім атауында «тәртібі» сөзі «жағдайлары» сөзімен ауыстырылсын;
3) нұсқаудың 9-тармақты қоспағандағы 3 бөлімі, сондай-ақ 1, 2 қосымшалары алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Нұрасыл
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. Ахаев