Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.08.09 № 937 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Семей қаласы әкімдігінің «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы” бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 16 маусымдағы № 667 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 29 шілдеде № 5-2-93 тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы “Семей таңы” газетінің № 32 және “Вести Семей” газетінің № 32 жарияланған), «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы” бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 16 маусымдағы № 667 қаулыға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 23 ақпандағы № 216 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 3 сәуірде № 5-2-107 тіркелген, 2009 жылғы 16 сәуірдегі “Семей таңы” газетінің № 15 және “Вести Семей” газетінің № 15 жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі М. Айнабеков
Қала әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі № 322
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16-бабына сәйкес әзірленді және 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес Семей қаласының аумағында тұратын, тұруға ықтиярхаты бар адамдарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелері жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықтың қолданылуын нақтылайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.08.25 N 931 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Әлеуметтік көмек:
1) біржолғы материалдық көмек;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен наградталған немесе «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға материалдық көмек;
3) төрт және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын баласы бар отбасыларына материалдық көмек;
4) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға материалдық көмек;
5) облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге;
6) «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек ұсыну жолымен көрсетіледі.
7) қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы көлікпен тегін тасымалдау бойынша әлеуметтік көмектің қосымша түрі.
Ескерту. 2-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.08.25 N 931 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды. Әлеуметтік көмек мөлшері қарастырылған бюджет қаражаты шегінде белгіленеді. Мүгедектерді көліктік тасымалдау олардың сұраныстарына сәйкес іске асады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.08.25 N 931 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Бөлім) жүргізеді.
5. Өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ұсынылатын мәліметтердің толық жауапкершілікпен шынайылығына жауап береді.
6. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.08.25 N 931 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-1. Уәкілетті орган қызметтерді сатып алуды қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды, тегін тасымалдау бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Ескерту. Қаулы 6-1 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.08.25 N 931 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Біржолғы материалдық көмек
7. Біржолғы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – Көмек) отбасының табысы мен құрамының ескерілуімен азаматтардың мына санаттары:
1) жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аса мұқтаж, аз қамтылған зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, қарауында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар және басқа санаттағылар;
2) жан басына шаққандағы табысы жоғары емес шұғыл хирургия операциясы жасалған, онкология ауруларымен ауыратын (арнайы белсенді ем, химиялық сәуле және гормоналды терапия қабылдаушы) және аурулардың басқа да ауыр түрімен ауыратын адамдар құқылы.
8. Төлем жүргізу үшін (7 тармақ) мынадай:
өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код нөмірі; отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар; адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы және материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа құжаттар қажет.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
9. Әр өтініш берушіге әлеуметтік карта толтырылады.
10. Табысының және отбасы құрамының ескеруінсіз мына санаттағы:
1) өрт, табиғи апат, оқыс оқиға, төтенше жағдай салдарынан өмір сүру қаражатынсыз қалған адамдар (өртке қарсы қызметінің немесе төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қорытындысы бойынша);
2) инфляция үдерістеріне және өмірлік қиын жағдайларға (сырқат, отбасы мүшесінің қайтыс болуы және адам өз бетінше жеңе алмайтын басқа жағдайлар) байланысты халықтың әлсіз жіктері көмекке құқылы. Төлем мұқтаж азаматтардың ұсынған өтініштеріне, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының жасы, мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылардың электронды түрдегі тізімдеріне, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері ұсынған тізімдерге, ауылдық округ және кенттер әкімдерінің және қала әкімінің муниципалды округтардағы өкілдерінің өтініш хаттарына сәйкес;
3) 9 Мамыр мерекесіне – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, екінші рет некеге тұрмаған жауынгерлердің (ҰОС жылдарында қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жесірлеріне, құрсаулы Ленинград тұрғындарына, неміс концлагерьлерінің тұтқындарына, тыл еңбеккерлеріне (осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға) жүргізіледі.
Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.
4) Ауғанстаннан әскердің шығарылу күніне – интернационалист жауынгерлерге, Ауғанстанда қаза болған жауынгерлердің отбасыларына (жесірлеріне, аналарына).
Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне және интернационалист жауынгерлердің қоғамдық бірлестігі ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі.
5) Чернобыль атом электр стансиясындағы апатты еске алу күніне - ЧАЭС апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне.
Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне және «Чернобыль апаты мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі.
6) Халықаралық қарттар күніне – зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, адамдар санатын комиссия белгілейді.
Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне және қалалық Ардагерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер, ауылдық округтер және кенттердің әкімдері ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі.
3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен наградталған немесе «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға, төрт және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын баласы бар отбасыларына материалдық көмек
11. Төлем Халықаралық 8 Наурыз әйелдер мейрамына және балаларды қорғау күніне зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге материалдық көмек
12. Материалдық көмекке Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлердің құқығы бар.
Төлем жүргізу үшін мынадай құжаттар:
өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код нөмірі; өтініш иесінің мәртебесін растайтын құжаттар; адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы қажет.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
Төлем ай сайын жүргізіледі.
5. «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек
13. Материалдық көмекке «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы бар азаматтардың құқығы бар.
Көмекті тағайындау өтініш, жеке басын куәландыратын құжат; салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код нөмірі; «Семей қаласының құрметті азаматы» куәлігі, адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы ұсынылған ретте жүргізіледі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек 1,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және тоқсанға бір рет қала әкімінің аппараты ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі.
6. Қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды тасымалдау бойынша әлеуметтік көмектің қосымша түрі
14. Көлікпен тегін тасымалдау жөніндегі әлеуметтік көмектің қосымша түрі қозғалу-тірек функцияларына зақым келген, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін адамдарға көрсетіледі.
Мүгедектерді тасымалдау мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы көлікпен қала шегінде мүгедектерді жұмыс орнына немесе оқу орнына, үйіне, денсаулық сақтау, білім беру, атқарушы және өкілетті органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету және мүгедектерге қызмет көрсетуге қажетті басқа да нысандарға жеткізу мақсатында іске асырылады.
15. Қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру және бақылау бойынша уәкілетті орган «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
16. Қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды тегін тасымалдау қызметтерін ұсынатын тұлға мен уәкілетті орган арасындағы қатынастар мемлекеттік сатып алу туралы шартпен рәсімделеді.
Ескерту. Қаулы 6-тараумен және 14, 15, 16 тармақтармен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.08.25 N 931 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлімінің бастығы Қ. Төлесбаев