Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 32/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV “Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқауды бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 06 ақпанда № 5-4-107 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпанда № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертістер енгізілсін:
1. 12 бөліміндегі «Ауғанстаннан әскерді шығару Күніне орай біржолғы материалдық көмек»:
42 тармақтың 1) тармақшадағы «20000 (жиырма мың) теңге» сөздері «5000 (бес мың) теңге» сөздерімен ауыстырылсын;
42 тармақтың 2) тармақшадағы «30000 (отыз мың) теңге» сөздері «10000 (он мың) теңге» сөздерімен ауыстырылсын.
2. 13 бөліміндегі «Тісті протездеуге әлеуметтік көмек (қымбат бағалы металдар протезінен басқа)»:
49 тармағындағы «қалалық Ардагерлер кеңесінің қолдаухаты» алынып тасталсын.
3. 6 бөлім жаңа редакцияда оқылсын:
"6. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығын мерекелеуге сыйлық беру.
27. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығын мерекелеуге материалды түрде сыйлық беріледі:
1) 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының мүгедектері және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына. Әлеуметтік төлем мөлшері - 20000 (жиырма мың) теңге әрқайсысына;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы әскери қызметі және жанкешті еңбегі үшін марапаттауға жатқызылған, бұрынғы КСР Одағының медалімен марапатталған тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тұлғалардан басқа 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 09 мамыры аралығында 6 айдан кем емес қызмет еткен және жұмыс істеген тұлғалар. Әлеуметтік төлем мөлшері - 2700 (екі мың жеті жүз) теңге әрқайсысына;
3) Мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тұлғалардан басқа «Ленинградты қорғағаны үшін» белгісімен және «Ленинград қоршауының тұрғыны» медалімен марапатталған және қоршау кезінде Ленинград қаласында жұмыс істеген азаматтарға. Әлеуметтік төлем мөлшері - 15000 (он бес мың) теңге әрқайсысына;
4) Мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тұлғалардан басқа бұрынғы фашистік концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына. Әлеуметтік төлем мөлшері - 15000 (он бес мың) теңге әрқайсысына;
5) 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы әскери қызметкерлерінің жесір әйелдері (қаза тапқан, қайтыс болған, хабарсыз жоғалғандар) және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тұлғалардан басқа осы негіз бойынша әлеуметтік мемлекеттік көмек алушылар. Әлеуметтік төлем мөлшері - 15000 (он бес мың) теңге әрқайсысына;
6) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері). Әлеуметтік төлем мөлшері - 5000 (бес мың) теңге әрқайсысына.
28. Төлем жеке шоты бар болған жағдайда Жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректеріне сәйкес жүзеге асырылады."
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 01 ақпанынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.
Кезекті сессия төрағасы Г. Тищенко
Қалалық мәслихат хатшысы А. Ермаков