Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 32/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына, Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/2-IV «2010-2012 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-123 тіркелген) шешіміне сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV “Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 06 ақпанындағы № 5-4-107 тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанындағы № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімінің кіріспе сөзбасында және жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаудың кіріспе сөзбасындағы «Риддер қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 13/2-IV «2009 жылға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 8 қаңтарындағы № 5-4-102 тіркелген)» сөздері «Риддер қаласы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/2-IV «2010-2012 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-123 тіркелген)» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессия төрағасы О. Солонников
Қалалық мәслихат хатшысы А. Ермаков