"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 25/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 5-4-131 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 32/8-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 32/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына, Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/2-IV «2010-2012 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-123 тіркелген) шешіміне сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV “Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 06 ақпанындағы № 5-4-107 тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанындағы № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімінің кіріспе сөзбасында және жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаудың кіріспе сөзбасындағы «Риддер қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 13/2-IV  «2009 жылға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 8 қаңтарындағы № 5-4-102 тіркелген)» сөздері «Риддер қаласы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/2-IV «2010-2012 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-123 тіркелген)» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Кезекті сессия төрағасы             О. Солонников

      Қалалық мәслихат хатшысы           А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады