Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 9-3-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 14-10-IV «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 5-8-71 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 2 (6264) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Нұсқаулықтың 5-бөлімінің 10-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір маманға жылына 5000 мың (бес мың) теңге мөлшеріндегі есеппен тізімді жасайды әрі тапсырады және отын сатып алуға арналған ақшалай қаражатты өтініш берушінің жеке шотына аударады».
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Подкорытов
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Аргумбаев