Ескерту. Күші жойылды - Зырян аудандық мәслихатының 2012.03.29 № 2/11-V хаты.
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағы, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұсынылған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. «Тұрғын үй көмегін, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және байланыс қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 19/6-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-85 тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдеде № 24 «Заря Востока» газетінде жарияланған) Зырян ауданының мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы В. Выходцев
Зырян ауданының
мәслихат хатшысы Г. Денисова
Зырян аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/7-ІV
шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
1. Жалпы ережелері
1. Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде (ары қарай Ереже) келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі - шекті жол берілетін қатынас деңгейінің шығыстар үлесі айына отбасыға күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеуге қаражатын жинау жарнасы, коммуналдық қызметті тұтыну және телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігіндегі байланыс қызметіне, телекоммуникация жүйесіне қосылған шығыстары отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум объектілерінің басқару органы – кондоминиум объектілерін ұстау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органы.
2. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын ауданды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары, осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданған отбасы (азаматтар) шығыны жоғарыда аталғанның әрқайсысы бойынша сома шығыны анықталады.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеуге қаражатын жинау жарнасы және (не) күрделі жөндеу, коммуналдық қызметті тұтыну және телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігіндегі байланыс қызметі, осы мақсатқа арналған отбасының шығын дәрежесі шекті жол берілетін нормаларының аясында телекоммуникация жүйесіне қосылған сомасы арасындағы айырмашылық болып анықталады.
5. Коммуналды қызметті жеткізушілер Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияны реттеу жөніндегі уәкілетті органдармен келісіп (тоқсан сайын) коммуналды қызметтің тарифі мен өзгерістерін «Зырян ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ ұсынады.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
6. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ отбасылар:
1) меншігінде бір тұрғын үйлері бар (пәтер, үй) немесе жалға беретін бөлмелері барлар;
2) отбасында еңбекке жарамды тұлғалары бар, егерде олар жұмыс істемесе, оқымаса, қарулы күштер қатарында болмаса және уәкілетті органдарда тіркелмесе, қоспағанда:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға күтім көрсетіп отырған тұлғаларды, сексен жастан асқан тұлғаларға;
мүгедектік тобы жоқ туберкулез, онкология, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғаларды;
үш жасқа дейін баласын күтумен сонымен қатар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналарды.
3) отбасы құрамында заңды некеде тұратын адам бар болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмегендердің (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемегендердің;
4) егер ата-аналары ажырасқан болса, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы өтініш бермегендердің тұрғын үй көмегін алу құқықтары жоқ.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Зырян аудандық мәслихатының 2010.06.20 № 37/7-IV (жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
9. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігінің күрделі жөндеуіне шыққан шығыны есебімен тұрғын үй көмегіне құқық орындалған жұмыс актісіне қол қойғаннан кейін алты ай ішінде сақталады.
10. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі анықтамаларды әр тоқсан сайын тапсырады.
11. Тапсырылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша үй иегерінен отбасына сауалнама - өтініш толтырылады. Сауалнама - өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан келіп отырған тұлғаның және уәкілетті орган өкілінің қолы қойылады.
12. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
13. Электр жүйесімен, газбен, канализациямен, жылумен, қоқыс шығару, су құбырымен қамтамасыз ету және үй-жайды ұстау шығындары коммуналдық қызметтер туралы анықтамалар (түбіртектер) бойынша өтініш жасағанның алдындағы тоқсандағы орташа есеппен есептеледі. Электр жүйесімен, газбен, канализациямен, жылумен, қоқыс шығару, су құбырымен қамтамасыз ету қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
Телекоммуникация қызметіне абоненттік төлем тарифін көтеру үстем ақысының көлемі әлеуметтік қорғалған азаматтарға 2004 жылдың қыркүйегінен күші бар абоненттік төлем және күші бар абоненттік төлем арасындағы айырмашылық болып анықталады.
14. Газы жоқтарға қызмет көрсетушілердің тарифіне сәйкес газ төлемі эквиваленттік сомада, үйде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған жағдайда жылу және ыстық су ақыларының мөлшері электроэнергияға есептелген сомадан әлеуметтік нормаға сәйкес есептеледі.
15. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлерді және мүгедектердің отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
16. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шектеулер есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен - жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі - зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекен - жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, ал ата-анасы басқа мекен - жайда тіркелсе, онда өтініш беруші ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтама тапсыруы қажет.
17. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
Толық емес айға тұрғын үй көмегін алу құқығы туындаған кезде, тұрғын үй көмегі сол айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-жұлдызына дейін қабылданады.
18. Тұрғын үй көмегін қайта алуға өтініш берсе ағымдағы тоқсанда ұсынылған құжаттардың уақытына қарамастан тоқсанға тағайындалады.
19. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
20. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін төленген нақты және отбасының осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген шекті шығындар мөлшері арасындағы айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П = ТҮТЕЖӘТ -(t, x, д);
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
ТҮТЕЖӘТ - тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
t - тұрғын үй төлемінің нормативтік шығыны (=11%);
д - отбасының жиынтық табысы.
4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді
пайдалану нормативтері
21. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
1) ауданы:
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш.м. ;
екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м. ;
үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м., бірақ 38.52 ш.м. аспауы керек;
2) Ұсынылған қызметке пайдалану шығыны (ЖПК төлемі) – 30 ш.м.;
3) Айына 1 адамға газдың шығыны – 4,0 кг;
4) Электроэнергияны тұтыну, бір кісіге 90 кВт.
5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер
азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
22. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың келесі түрлерінен басқа барлық түрлері есептеледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
3) тұрғын үй көмегі;
4) қайтыс болған адамды жерлеуге төленетін бір жолғы жәрдемақы;
5) бала тууына байланысты төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
6) он есе мөлшердегі айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын жергілікті орындаушы органмен төленетін біржолғы материалдық көмек;
7) отбасының бір мүшесі алимент төлесе және ол отбасында тұрмаса;
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес көрсетілген нақты көмек түрлері:
Дәрі-дәрмек препараты;
Шипажай-курорттық емі;
Протездік-ортопедтік бұйымдар (дайындау және жөндеу);
Жылжу заттары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген оңалту заттары;
9) Білім беру туралы заңдылықтарға сәйкес білім беру мекемелерінде көрсетілген тегін тамақтандыру мен көмек;
10) халықты, оралмандарды көшіп қондыру мәселесі жөніндегі заңдылық актілерімен қарастырылған қаражаттар тұрғылықты орындарына жол ақысы шығынын қайтару және мүлікті жеткізу (соның ішінде мал), келген жерлерінде тұрғын үй алу және біржолғы жәрдемақы төлеу;
11) асырап алушылардың табыстары асырап алынушылардың табыстарына қосылмайды.
23. Отбасы құрамында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі нысанында шарт негізінде оқитын студенттері бар отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде, оқуға ай сайын төленетін ақы мөлшері отбасының жиынтық табысынан кем болмауы тиіс.
24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келесі жағдайларда алименттер есептелмейді:
1) жұмыс істемесе және алименттерді төлеу бойынша берешегі бар немесе оның орналасқан мекені белгісіз болса;
2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса:
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеудің алдын- алу (ЕЕАА) емделіп жатса немесе есепте болса;
4) Қазақстан Республикасына тиісті келісімі жоқ мемлекеттерде тұрақты тұруға кеткен жағдайда.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Зырян аудандық мәслихатының 2010.06.20 № 37/7-IV (жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
25. Әділет органдарымен тұрақты тұрғылықты жерлері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген тұлғалар отбасы құрамында есептеледі. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
26. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін біржолғы төлем алған кезде, жиынтық табыста алынған барлық табыс сомасы есепке алынады.
27. Ауылдық жерлерде тұратындар үшін қосалқы шаруашылықтан түскен табыс: бақша мен құс (өнім беретін тауықтар, үйректер, қаздар) болған жағдайда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; өнім беретін бір бас мал болған жағдайда жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; өнім беретін екі, үш бас мал болған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; өнім беретін төрт және одан да көп бас мал болған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
6. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік
үй-жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі
28. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй - жайларда тұратын отбасыларға (азаматтарға) арналған тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.
29. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
30. Көмір құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
31. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
32. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
33. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде отбасы сатып алған көмірдің бағасы мен мөлшерін растайтын (кассалық чек анықтама) түбіртектерді ұсынады.
7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
34.Тұрғын үй көмегі тоқсанда бір рет бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
35. Тұрғын үй көмектерін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.