"Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 37/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 23 шілдеде N 5-12-123 тіркелді. Күші жойылды - Зырян аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 наурыздағы № 2/11-V хаты

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян аудандық мәслихатының 2012.03.29 № 2/11-V хаты.

      «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Зырян ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/7-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-12-108, «Зырян-Инфо» газетінде 2010 жылғы 04 маусымда жарияланған, № 16) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) отбасында еңбекке жарамды тұлғалары бар, егерде олар жұмыс істемесе, оқымаса, қарулы күштер қатарында болмаса және уәкілетті органдарда тіркелмесе, қоспағанда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға күтім көрсетіп отырған тұлғаларды, сексен жастан асқан тұлғаларға;
      мүгедектік тобы жоқ туберкулез, онкология, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғаларды;
      үш жасқа дейін баласын күтумен сонымен қатар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналарды.»;
      24 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келесі жағдайларда алименттер есептелмейді:
      1) жұмыс істемесе және алименттерді төлеу бойынша берешегі бар немесе оның орналасқан мекені белгісіз болса;
      2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса:
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеудің алдын- алу (ЕЕАА) емделіп жатса немесе есепте болса;
      4) Қазақстан Республикасына тиісті келісімі жоқ мемлекеттерде тұрақты тұруға кеткен жағдайда.».
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         В. Выходцев
 

      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы                        Г. Денисова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады