Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012.05.28 № 5-6 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-14 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-71 тіркелген, 2007 жылғы 2 тамызда, 2007 жылғы 9 тамызда "Жайық үні" газетінде № 31, № 32 және 2007 жылғы 30 тамызда, 2007 жылғы 6 қыркүйекте "Пульс города" газетінде № 35, № 36 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесіндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережеде:
барлық мәтін бойынша "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
78 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"78. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғалар өз аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығаруды қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт бойынша немесе арнайы техникасы (қоқыс шығаратын көлік) болса өз бетімен шығаруды қамтамасыз етуі қажет. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 27-ші сессиясының
төрағасы В. П. Любавин
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы Ә. Қ. Истелюев