Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2011.03.30 № 38-10 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру құқығы берілсін.
2. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен тиісті күнтізбелік жылға арналған "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша қаражат бөлу қамтамасыз етілсін.
3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы" 2009 жылғы 31 наурыздағы № 15-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 23 сәуірде "Жайық үні" газетінде № 17 және 2009 жылғы 23 сәуірде "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 27-ші сессиясының төрағасы В. П. Любавин
Орал қалалық мәслихатының хатшысы Ә. Қ. Истелюев