Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде № 7-1-180 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 38-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2011.03.30 № 38-10 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру құқығы берілсін.
      2. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен тиісті күнтізбелік жылға арналған "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша қаражат бөлу қамтамасыз етілсін.
      3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы" 2009 жылғы 31 наурыздағы № 15-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 23 сәуірде "Жайық үні" газетінде № 17 және 2009 жылғы 23 сәуірде "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 27-ші сессиясының төрағасы      В. П. Любавин
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы       Ә. Қ. Истелюев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады