Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы N 15-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 сәуірде N 7-1-134 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы N 27-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010.03.12 N 27-11 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру құқығы берілсін.
      2. Орал қаласының 2009 жылға арналған бюджетінен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының "Жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру" 100 кіші бағдарламасы, "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша 110 412 (жүз он миллион төрт жүз он екі) мың теңге сомасында қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
      3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы" 2008 жылғы 31 наурыздағы N 6-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-86 тіркелген, 2008 жылғы 1 мамырда "Жайық үні" газетінде және 2008 жылғы 17 сәуірде "Пульс города" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      15-ші сессиясының төрағасы
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады