Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 25.11.2014 № 30-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағида" 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын 2 тармағының 4) тармақшасы, 10 тармағының оныншы абзацы және 2 тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацы, 5 тармағының ережелерін жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 27-ші сессиясының
төрағасы В. П. Любавин
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы Ә. Қ. Истелюев
Орал қалалық мәслихатының
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 27-12 шешіміне 1 қосымша
Орал қаласында аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қағида
1. Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы Қағида (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкiлеттi орган - тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» (бұдан әрі уәкілетті орган);
тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.04.23 № 4-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.12.12 № 9-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. - алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.12.12 № 9-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтің есептеу құралы бар алушыларға есептеу кезінде жоғарыда белгіленген тарифтер пен нормативтерден аспайтын санауыш көрсеткіштері бойынша нақты шығындар қолданады.
5. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.12.12 № 9-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу Ережесiне сәйкес орындалады және қолданыстағы абоненттiк ақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік ақы арасындағы айырма, яғни, телекоммуникация қызметтеріне абоненттік ақыны өсірудің айырмасын есептеу арқылы анықталады.
7. Коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енедi: пайдалану шығындары, су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметi.
8. Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар үшiн: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетiн азаматтарға, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшiн 7% көлемiнде белгіленеді.
Ескерту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2011.06.28 № 39-13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
9. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар, сонымен қатар жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге шекті жол берілетін шығыстар үлесі осы Қағиданың 8 тармағына сәйкес келеді.
Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.12.12 № 9-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін отбасыларға
(азаматтарға) тағайындау тәртібі
10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің аңықтамасы;
отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасыңын қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгiленеді;
тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;
коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.04.23 № 4-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.12.12 № 9-5, 27.02.2014 № 20-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
11. Тұрғын жайда бірнеше меншік иелері тұрған жағдайда тұрғын үй көмегі алғашқы өтініш берген тұлғаға отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып, тағайындалады. Егер құжаттардың тізімі толық болмаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
12. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша хабарлама және тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну шығындары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар, отбасының (азаматтың) жалдау ақысы жөнiнде мәлiмет жасалады. Мәлiметтерде көмек тағайындау есебi көрсетiледі. Хабарламаның бiр данасы тұрғын жайдың меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Хабарламаның үлгісі бөліммен белгіленеді.
Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.12.12 № 9-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Хабарлама тұрғын үй көмегін беруге негiз болып табылады
13. Азаматтардың келесi санаттары үшiн өтемақы шараларымен коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 64 шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, жалпы ауру бойынша мүгедектер және оларды күтетiн азаматтар, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, ал басқа санаттағы азаматтар үшiн тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегiнде белгіленеді.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 50 шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.
Ескерту. 13 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010.07.13 № 30-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойына алты ай мерзiмге, жарты жылдық алдындағы шығыстар өткен тоқсанға немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептелсін өткен тоқсандағы кіріс бойынша, егер ағымдағы тоқсанда тарифтерде өзгерістер болса, онда ағымдағы тоқсан тариф бойынша тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған құжаттары тіркелген арыздарды қабылдау жартыжылдықтың соңғы айының 18 күніне дейін жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бiрiншi жартыжылдықта I-ші тоқсан - жылу беру мерзiмi, II-ші тоқсан – жазғы мерзiм, екiншi жартыжылдықта III-ші тоқсан – жазғы мерзiм, IV-ші тоқсан - жылу беру мерзiмi. Жаңа мерзiмге көмекті ресімдеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас.
Ескерту. 14 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010.07.13 № 30-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Тұтынушы жылу энергиясын тұрғын жайдың 1 шаршы метрiн жылумен қамтудың өзiндiк құны табиғи монополиялар субъектілері үшін белгiленген тарифтерден жоғары жылу көздерiнен алатын болса, уәкілетті орган өзiнiң есеп шотына түскен есептерге және тұрғындардың тіркелген тізіміне сәйкес қамтамасыз етушi мекемеге айырманы төлейдi. Жылумен қамтамасыз ететін сомманың айырмасы қызмет көрсетушінің есеп шотына содан кейінгі аударылыммен тұрғындардың жеке есеп шотына аударылады.
16. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтерi мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейдi.
17. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегiн тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi. Уәкілетті органға қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз немесе көтермеленген өтемақы тағайындалса, меншiк иесіне (жалдаушыға) тұрғын үй көмегі бiр жылғы мерзімге дейін берілмеуі мүмкін, ал заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылған соң тағайындалады.
Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010.07.13 № 30-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18. Уәкілетті органның қызметкері арыз иесiнiң тұрғылықты жеріне баруға құқылы.
19. Тұрғын үй көмегі жылу беру мерзімі кезінде орталық жылуға қосылмаған және жылы сумен қамтамасыз етілмеген, пәтерді жылыту автономды жылыту құрылғысымен жүзеге асырылатын үйлердің меншік иелеріне тағайындалады. Бұл жерде электрқуатына төленетін соманы тұрғын жай ауданының нормасына және есептегі мерзімде қызмет көрсетушінің тарифіне сәйкес жылу мен ыстық су төлеміне баламалы сомамен есептейді.
20. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
Жұмыссыз ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз мәртебесі берілген айдан бастап тағайындалады.
Ескерту. 20 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010.07.13 № 30-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. тарау алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012.04.23 № 4-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
27. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тұрғын үй көмегін көрсетуге көзделген бюджеттік қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген тұрғын үй көмегін алушылардың жеке есеп шотына уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Келесі жартыжылдықта тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) коммуналдық қызметті қызметтерді пайдаланғаны үшін, күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарды, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына тағайындалған сомалардың төленгені жөнінде түбіртекті ұсынады.
28. Төленбеген немесе жартылай төлеген жағдайда, тұрғын үй көмегі, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың шығындарын төлеуге арналған көмек, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына тағайындалған өткен кезеңдегі сомаларды бекіткен құжат (түбіртек) болмаса, келесі кезеңде отбасының (азаматтың) жоғарыда көрсетілген көмектер берілмейді.
Тағайындалған тұрғын үй көмегі жартыжылдыққа төленеді.
Ескерту. 28 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010.07.13 № 30-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
29. Тұрғын үй көмегінің мөлшерi тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалану үшiн, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың шығындарын төлеуге, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы белгiленген нормаларға сәйкес нақты есептелген соммадан аспауы қажет.
30. Жыл сайын уәкілетті органмен тұрғын үй көмегiн қаржыландыруға бюджеттiк сұраным дайындалып, Орал қалалық мәслихатының сессиясында бекiтiледi. Орал қаласының қаржы бөлiмi ақшалай қаражаттарды ай сайын уәкілетті органға аударады. Тұрғын үй көмегі бөлiмi ай сайын берілген соммасы көрсетілген тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны және төленгені жөнінде ақпаратты мәлімет үшiн Орал қаласының қаржы бөлiмiне ұсынып отырады.
31. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер заңда белгіленген тәртіппен шешiледi.
Орал қалалық мәслихатының
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 27-12 шешіміне 2 қосымша
Орал қалалық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-67 тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы "Жайық үні" газетінде № 18 және 2007 жылғы 17 мамырдағы "Пульс города" газетінде № 20 жарияланған).
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 47-9 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-73 тіркелген, 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Жайық үні" газетінде № 50 және 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Пульс города" газетінде № 50 жарияланған).
3. Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 9-15 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-107 тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдедегі "Жайық үні" газетінде № 30 және 2008 жылғы 31 шілдедегі "Пульс города" газетінде № 31 жарияланған).
4. Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 қыркүйектегі № 11-19 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-115 тіркелген, 2008 жылғы 9 қазандағы "Жайық үні" газетінде № 41 және 2008 жылғы 9 қазандағы "Пульс города" газетінде № 41 жарияланған).
5. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 15-11 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-137 тіркелген, 2009 жылғы 7 мамырдағы "Жайық үні" газетінде № 19 және 2009 жылғы 7 мамырдағы "Пульс города" газетінде № 19 жарияланған).
6. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 8 қазандағы № 21-11 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-156 тіркелген, 2009 жылғы 19 қарашадағы "Жайық үні" газетінде № 47 және 2009 жылғы 19 қарашадағы "Пульс города" газетінде № 47 жарияланған).