Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 25.11.2014 № 30-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-183 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Жайық үні" газетінде № 17 және 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидасында:
8 тармақта:
"15%" деген сөздер "10%" деген сөздермен өзгертілсін;
"10%" деген сөздер "7%" деген сөздермен өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 39-шы сессиясының
төрағасы Ә. Қ. Истелюев
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы Ә. Қ. Истелюев