Ескерту: Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.06.28 № 235-ө (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6715 тіркелген және "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4; "Казахстанская правда" от 06.01.2011 г., № 2 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
5) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Г. Әбдіқалықова