Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.09.29 № 346-ө (5-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 29 наурыздағы № 109-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6849 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 130-133, «Казахстанская правда» 07.04.2011 ж., № 117 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Г. Әбдіқалықова