"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | М. Оразаев |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығымен бекітілген |
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және
бекіту ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Өндіріс паспорты биоотын өндірушісімен биоотын өндірісі зауытында құрылыс пен жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін әзірленеді және бекітіледі.
3. Өндіріс паспортысыз биоотын өндірісін жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
2-тарау. Биоотын өндірушісінің өндіріс паспортын әзірлеу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Өндіріс паспорты А4 форматындағы қағазында мына параметрлер есебімен рәсімделеді:
сол жақ алаңы - 2,5 см, оң жақ алаңы – 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см;
жоларалық интервал - жалқы;
тақырыбы мен мәтін, мәтін мен қол арасындағы интервал - 2 жоларалық интервал.
5. Өндіріс паспортының мәтіні нақты тұжырымдалады және бірыңғай шрифтпен, ізсіз және түзетулерсіз теріледі. Өндіріс паспортының мәтінінде ескірген және көпмағыналы сөздер мен лебіздер, эпитеттер, метафоралар, қысқартылған сөздер қолданылмайды. Мәтіннің қосарланушылығы мен оның қайталануына жол берілмейді.
6. Егер сызуларды, схемаларды, диаграммаларды, суреттерді және (немесе) басқа да графикалық материалдарды машиналық әдіспен орындауға мүмкін болмаса, онда қолмен қара тушьпен немесе пастамен орындайды.
7. Өндіріс паспортында стандартталған мөлшер бірліктері қолданылады, олардың атаулары мен көрсетулері "Өлшем бірлігі. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі" деген 8.417-ГОСТ-қа сәйкес анықталады.
8. Өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ресімдеу осы Ережелердің талаптарына сәйкес жасалады.
9. Өзгерістерде өндіріс паспортының қолданыстағы редакцияның қай мәліметтері өзгеріске, алынып тасталуына және (немесе) толықтыруға жататынын көрсетеді, бұл ретте: "ауыстырылсын", "толықтырылсын", "алып тасталынсын", "жаңа редакцияда жазылсын" деген сөздерді қолдана отырып тиісінше нұсқаулар келтіреді.
10. Өндіріс паспортына қайта өзгерістер енгізген кезде, алдыңғы өзгерістер ескеріледі.
11. Өндіріс паспорты және енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.
12. Өндіріс паспортының титул беті осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
13. Өндіріс паспортында көрсетілген тізбекке сәйкес мына мәліметтер келтіріледі:
1) атаулы карточка осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
2) биоотын өндіретін зауыт бойынша қысқа мәлімет осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
3) өндірілетін биоотын түрлері осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
4) өндірілетін қосымша өнім осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
5) жыл бойы айлар кесінінде шикізатты қайта өңдеу және биоотын өндірісінің ең жоғарғы көлемдері осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
6) биоотын өндіретін зауыттың технологиялық қондырғыларын жоспарлы-алдын-алу жөндеу графигі осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
7) Биоотын өндірісі кезінде негізгі шикізат қосымша материалдар шығыны туралы мәліметтер осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда келтіріледі;
8) биоотын өндірісін технологиялық схемасы;
9) биоотын өндірісін инженерлік қамтамасыз ету;
10) биоотын өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету;
11) қойма жайлары (резервуарлы жабдықтар);
12) биоотын қоймасы;
13) санитарлық паспорт;
14) қоршаған ортаны сақтау бойынша;
15) ғимараттың және құрылыстың экспликациясы өндірістің бас жоспары.
14. Биоотын өндірісінің технологиялық схемасы туралы мәліметтерде:
1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелігімен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының графиктік бейнесі;
2) биоотын өндірісі кезінде:
шикізатты тасымалдау (көлік түрі, автомобиль және (немесе) темір жол кірме жолдарының, автомобиль және (немесе) темір жол таразыларының болуы);
оны қайта өңдеуге шикізатты дайындау бойынша қосалқы технологиялық процестер;
дайындалған шикізат және оның сипаттамалары;
шикізатты қайта өңдеудің негізгі технологиялық процестері;
алынған өнім және оның сипаттамасы;
өнімді берілген сапаға дейін жеткізу бойынша қосалқы технологиялық процестер;
биоотынды денатурациялау процесі (қолданылатын құралдың түрі, оның сипаттамасы, оны өткізу кезеңі және учаскесі);
өндірістің технологиялық процестерін метрологиялық қамтамасыз етуі (өлшеу құралдарының атауы, маркасы, дәлдігі);
үздiксiз қоректендiру көздерi;
алынған өнімді сақтау бөлімшесі (эфиральдегидті фракцияны және шырықшөп майларын сақтау);
биоотын сақтау қоймасы (оның негізгі параметрлері);
биоотын өндірісінің қалдықтарын сату;
өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі көрсетіледі.
15. Ұйымдарда биоотын өндірісін жүзеге асыруға орнатылған әрбір жабдықтар бойынша мәліметтер тізбесі мыналарды қамтиды:
1) атауын, типін, маркасын;
2) өнімділігін, өндіруші-зауытын, шығарылған жылын және пайдалануға енгізілген жылын;
3) жұмыс тәртібін (жұмыс тәртібі, шекті-рұқсат етілген режимі);
4) тағайындаудың негізгі көрсеткіштерін және қолдану шарттарын;
5) қызмет көрсету мерзімінің белгіленген көрсеткіштерін және (немесе) белгіленген ресурсын;
6) сақтандырғыш құралдармен жабдықталғанын (сақтандыратын қақпақтармен, муфталармен және басқа құралдармен);
7) есептегіш бақылау аспаптармен жабдықталғанын.
16. Қойма туралы мәліметтерде биоотын қабылдау бөлімшесі және сақтау қоймасы туралы мәліметтер белгіленеді.
Қабылдау бөлімшесі туралы мәліметтерде мыналардың бар-жоғы көрсетіледі:
1) өлшегіш (типі, маркасы, сыйымдылығы, саны, өндiрушi-зауыты, шығарылған және пайдалануға енгiзiлген жылы);
2) өлшегiштегі екі тексерілген термометрлер;
3) биоотынды айдау үшiн өзi соратын құйынды сорғы (типі, маркасы, өнiмдiлiгi, саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы, меншік құқығын растайтын құжаттар);
4) механикалық желдетуді қамтамасыз ететiн желдеткіш;
5) сегіз еселiк желдетуді қамтамасыз ететiн желдеткіш;
6) жерге қосу (өлшенген күні);
7) қабылдау бөлімшесін биоотын сақтау қоймасынан бөліп тұратын қалқалар;
8) өрт сөндіру құралдары.
Биоотын сақтау қоймасы туралы мәліметтерде:
1) сақтауға арналған резервуарлар (сыйымдылығы, саны, өлшенген жылы);
2) резервуарларға қызмет көрсетуге арналған алаңдар;
3) резервуарлардағы биоотынды өлшеуге арналған құрылғылар мен құжаттар;
4) резервуарлардағы биоотынның шекті деңгейінің автоматты сигнал беру құралдары;
5) резервуарларды суландыру;
6) биоотын буларының датчигі;
7) газ коммуникациясындағы желдету клапаны мен от бөгегіш;
8) механикалық желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіш;
9) сегіз еселiк желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіш;
10) жерге қосу (өлшенген күні);
11) жайтартқыш;
12) қосалқы (эвакуациялық) шығу есігі;
13) еденнің қарсы еңiсі;
14) төгiлген сұйық биоотынды жинап алушы түтiк;
15) жеңіл лақтырылатын жабын;
16) өрт сөндiру құралдары;
17) өрт-күзет сигнализациясы;
18) алаңдарды тегiстеу және асфальттау (тек жабық типі үшiн);
19) едендi темiрлеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
17. Биоотын өндірісі кезінде қойма үй-жайлары туралы мәліметтер:
1) шикізатты;
2) көмірқышқылдарды;
3) ферменттерді;
4) көмекші материалдарды;
5) дайын өнімдерді сақтауға арналған қоймалар туралы мәліметтерінен тұрады.
Бұл ретте, әр қойма түрі үшінмыналар көрсетіледі: талап етілетін сақтау режимін қамтамасыз ететін саны, ауданы (шаршы метр), бір жолғы сақтау сыйымдылығы (тонналармен, баллондармен), құрылғылардың атауы.
18. Биоотын өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету туралы мәліметтерде:
1) атауы, типі, маркасы, метрологиялық сипаттамасы, тексеру саны мен кезеңділігі көрсетіле отырып, тексеруге жататын өлшем құралдары тiзбесiнің болуы;
2) метрологиялық қызмет көрсету туралы шарт (нөмірі, күні, оны жүзеге асыратын орган);
3) өлшем құралдарын тексеруді жүзеге асыратын жауапты тұлға (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, бұйрықтың күні мен нөмірі) туралы мәліметтер белгіленеді.
19. Биоотын өндірісін инженерлік қамтамасыз ету туралы мәліметтерде:
1) желдету және ауамен жабдықтау, онда желдеткіштердің, қысылған ауаны шығаратын компрессорлық қондырғының, су мен ауа жылытқыштарының атауы, типі, маркасы, өнімділігі, саны көрсетіледі;
2) сумен жабдықтау және кәріз, онда мыналар көрсетіледі:
сумен жабдықтау көзінің (орталықтандырылған және (немесе) артезиандық ұңғыма) болуы;
тереңдік сорғылардың типі, маркасы, өнімділігі, саны;
технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған су көлемі (текше метр);
резервтегі суды сақтау үшін бассейннің болуы (саны, бір жолғы сақтау көлемі (текше метр));
бір жылда қалалық тазалау құрылыстарының және (немесе) өзіндік сүзу жолдарының жүйесіне тасталатын ағынды сулардың көлемі (текше метр);
3) электрмен жабдықтау мыналарды қамтиды:
жабдықтау көзінің болуын (орталықтандырылған және (немесе) дербес);
трансформаторлардың типін, маркасын, санын, қуатын, өткен жыл ішінде тұтынылған электр энергияның көлемін (кило Ватт/сағ);
4) жылумен жабдықтау,онда мыналар көрсетіледі:
жылумен жабдықтау көзінің болуы (орталықтандырылған және (немесе) дербес);
орнатылған бу қазандықтарының (пайдаланылатын отын түрі), су жылыту қазандықтарының, суық ауа шығаратын компрессорлық қондырғының атауы, типі, маркасы, өнімділігі, саны;
өткен жылы тұтынылған (өндірілген) жылу энергиясының мөлшері;
5) су дайындығы, бұл мыналарды қамтиды:
пайдаланылатын қондырғылар мен сүзгілердің атауын, типін, маркасын, өнімділігін, санын;
су жинағыштың саны мен сыйымдылығын (текше метр) туралы мәліметтер белгіленеді.
20. Санитарлық паспорт туралы мәліметтерде санитарлық паспортты берген күні, нөмірі және кіммен берілгені көрсетіледі.
21. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәліметтерде зиянды заттарды атмосфераға шығаруға, ағынды суларды ағызуға және өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға келісім берген уәкілетті орган құжатының күні және нөмірі көрсетіледі.
21-1. Биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген кезде өндіруші биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынады.
Ескерту. Ереже 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын бекіту тәртібі
Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережелеріне 1-қосымша |
Нысан
Кәсіпорынның фирмалық белгісі (бар болса)
Бекітемін ____________________________ (бірінші басшының ____________________________ (уәкілетті тұлғаның) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ___________________________ (қолы) "_____" __________________ (күні) |
Өндіріс паспортының титул беті
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2021 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________
(заңды тұлғаның меншік нысаны)
_________________________________________________________
өндіріс паспортын бекітетін заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________
(өндіріс паспортының тіркеу нөмірі)
Нысан
Атаулы карточка
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.09.2013 № 5-3/462 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Биоотын өндірушісінің толық және қысқартылған атауы | |
Бірінші басшы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон және факс нөмірі, толық) | |
Биоотын өндірушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі және берілген күні, куәлікті берген органның атауы | |
Биоотын өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |
Биоотын өндірушісінің орналасқан мекенжайы | |
Биоотын өндіретін зауыттың орналасқан мекенжайы | |
Теміржол деректемелері | |
Қызмет көрсететін банк, есеп айырысу шоты, жеке сәйкестендіру коды |
Ескертпе:*"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту Ережелеріне 3-қосымша |
Нысан
Биоотын өндіретін зауыт туралы қысқаша ақпарат
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат
_____________________________________________________________________
(Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсаттың нөмірі, берілген күні, кіммен берілді)
____________________________________________________________________.
Жылжымайтын мүлік және оған жасалған келісімдер құқығына мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
(нөмір, берілген күні, куәлікті берген органның атауы)
Биоотын өндіретін зауыттың жалпы аумағы _________________.
(шаршы метр)
Биоотын өндіретін зауыт ғимаратының және құрылысының жалпы аумағы
_____________________.
(шаршы метр)
Өндірісті пайдалануға берген күні __________________________________.
(күні, айы, жылы)
Соңғы қайта жаңғыртқан күні ________________________________________.
(күні, айы, жылы)
Кәсіпорында жаңарту және қайта жаңғырту есебімен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жобалы қуаты __________________________________, одан
(айына мың тонна)
тамақ шикізатын қайта өңдеу бойынша ___________________________.
(айына мың тонна)
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту Ережелеріне 4-қосымша |
Нысан
Өндірілетін биоотын түрлері
№ р/н | Биоотын атауы | Биоотынға стандарт | Технологиялық қондырғылар | |
Қондырғы атауы | Қондырғы атауы | |||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
4. | ||||
5. |
Өндірілетін қосымша өнім
№ р/н | Биоотын атауы | Биоотынға стандарт | Технологиялық қондырғылар | |
Қондырғы атауы | Қондырғы атауы | |||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
4. | ||||
5. |
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту Ережелеріне 5-қосымша |
Нысан
Жыл бойы айлар кесінінде шикізатты қайта өңдеу және
биоотын өндірісінің ең жоғарғы көлемдері
№ | Атауы | Айлар | Жыл бойы барлығы | |||||||||||
желтоқсан | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | |||
1. | 1 шикізат, тонна | |||||||||||||
2. | 2 шикізат, тонна | |||||||||||||
3. | 3 шикізат, тонна | |||||||||||||
4. | Шикізат бойынша жиыны: | |||||||||||||
5. | ||||||||||||||
6. | 1 Биоотын, литр | |||||||||||||
7. | 2 Биоотын, литр | |||||||||||||
3 Биоотын, литр | ||||||||||||||
Биоотын бойынша жиыны, литр |
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту Ережелеріне 6-қосымша |
Нысан
Биоотын өндіретін зауыттың технологиялық қондырғыларын
жоспарлы-алдын-алу жөндеу графигі
№ | Қондырғы атауы | Жөндеу жұмыстарының басталған және аяқталған күні | Бос тұрған күні барлығы | |||||||||||
"_____" жыл | "_____" жыл | "_____" жыл | "_____" жыл | |||||||||||
"__" тоқсан | "__" тоқсан | "__" тоқсан | "__" тоқсан | |||||||||||
"__" ай | "__" ай | "__" ай | "__" ай | "__" ай | "__" ай | "__" ай | "__" ай | "__" ай | "__"ай | "__" ай | "__" ай | |||
Биоотын өндірушісінің
Бірінші басшысы ___________________________________________________
Жөндеу жүргізген
жауапты тұлға _________________________________________________
Жауапты тұлғаны белгілеу туралы ұйымдастыру-өкімдік құжаттама
_____________________________________________________________________
(ұйымдастыру-өкімдік құжаттың түрі және нөмірі, күні)
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту Ережелеріне 7-қосымша |
Нысан
Биоотын өндірісі кезінде негізгі шикізат қосымша
материалдар шығыны туралы мәлімет
Өнім түрі | Өнім шығарылатын қондырғы атауы | Тонна шикізаттан шығарылатын биоотын, литр | Тонна шикізаттан шығарылатын қосымша өнім, килограмм | Тонна шикізаттан шығарылатын қалдықтар, килограмм |
1 шикізат түрі | ||||
2 шикізат түрі | ||||
3 шикізат түрі | ||||
Жиыны |