Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы N 177 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 18 мамырдағы N 138 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырда N 6975 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1460 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 54 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1460 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.11.2018 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-баптың 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      2.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті (А.Н. Есқараев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. "Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталу мәніне тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 148 және Қазақстан Республикасы Экономикалы даму және сауда министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 30 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6273 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 6-7 (26409) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының

Экономикалық даму және

Әділет министрі

сауда министрінің м.а.

_________Р.Түсіпбеков

_________ М. Құсайынов



  Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің м.а.
2011 жылғы 18 мамырдағы
N 138 және
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
N 177 бірлескен бұйырығына
1-қосымша

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері "Әділет органдары туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерде ресми мәтіндерін кейіннен жариялау құқығын алған субъектілерге жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.

      2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      бақылау субъектісі - нормативтік құқықтық актілерде мәтіндерін кейіннен ресми жариялау құқығын алған жеке және заңды тұлғалар;

      тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау.

      3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

      4. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша өлшемдер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:

      1) бес жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 2 балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

      2) үш жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 3 балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

      3) бір жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 5-тен бастап 10-ға дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады.

      5. Тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемдері болып мыналар табылады:

      нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде олардың қолданысқа енгізілген күні көрсетілмеген - 2 балл;

      жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспа басылымдарының түсініктемелері болуы - 3 балл;

      нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауда нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне корректорлық және (немесе) редакторлық түзетулермен және (немесе) қысқартулармен сәйкес келмеуі - 5 балл.

  Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің м.а.
2011 жылғы 18 мамырдағы
N 138 және
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
N 177 бірлескен бұйырығына
2-қосымша

      Нысан

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған әділет органы

      _____________________________________________________________________ (облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әділет департаменті

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акті_____________________________________

      (Күні____________, №__________)

      Жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________________

      (филиалдар немесе өкілдіктер)

Талаптардың тізбесі

Иә

Жоқ

1

Кейіннен ресми жариялау құқығын алған баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің олар эталондық бақылау банкіне нақты сәйкес болғанда корректорлық және редакторлық түзетулерсіз және қысқартусыз жариялайды



2

Нормативтік құқықтық актілерді кейіннен ресми жариялау кезінде жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспа басылымдарының түсініктемесі беріледі



3

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде олардың қолданысқа енгізілген күні көрсетілген.




      Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, қолы қызметтік телефонның №:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области последующего опубликования официальных текстов нормативных правовых актов

Совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 5 мая 2011 года № 177 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 138. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2011 года № 6975. Утратил силу совместным приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 1460 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 ноября 2018 года № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра юстиции РК от 28.09.2018 № 1460 и Министра национальной экономики РК от 01.11.2018 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В соответствии со статьями 13 и 15 Закона Республики Казахстан "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" и подпунктом 2) пункта 3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "Об органах юстиции", ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области последующего опубликования официальных текстов нормативных правовых актов, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) форму проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области последующего опубликования официальных текстов нормативных правовых актов, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту законодательства Министерства юстиции Республики Казахстан (Ескараев А.Н.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа - его официальное опубликование;

      3) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Признать утратившим силу совместный приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 5 мая 2010 года № 30 и Министра юстиции Республики Казахстан от 28 апреля 2010 года № 148 "Об утверждении критериев оценки степени рисков в области последующего опубликования текстов нормативных правовых актов и формы проверочного листа на предмет соблюдения законодательства Республики Казахстан в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6273, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 13 ноября 2010 года № 310-311 (26371-26372).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра юстиции Республики Казахстан Куставлетова Д.Р.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

и.о. Министра экономического
развития и торговли
Республики Казахстан
_________ М. Кусаинов

Министр юстиции
Республики Казахстан
_________ Р. Тусупбеков


  Приложение 1 к
Совместному приказу
и.о. Министра экономического
развития и торговли
Республики Казахстан
от 18 мая 2011 года № 138
и Министра юстиции
Республики Казахстан
от 5 мая 2011 года № 177

Критерии оценки степени рисков в сфере
частного предпринимательства в области
последующего официального опубликования текстов
нормативных правовых актов

      1. Критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области последующего опубликования официальных текстов нормативных правовых актов разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "Об органах юстиции" и "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" для проведения плановых проверок субъектов, получивших право на последующее опубликование официальных текстов нормативных правовых актов.

      2. В настоящих Критериях используются следующие понятия:

      субъекты контроля - физические и юридические лица, получившие право на последующее официальное опубликование текстов нормативных правовых актов;

      риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности проверяемого субъекта жизни или здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, имущественным интересам государства с учетом степени тяжести его последствий;

      последующее опубликование официальных текстов нормативных правовых актов - опубликование в печатном издании нормативных правовых актов, прошедших экспертизу на соответствие эталонному контрольному банку нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Первично все субъекты контроля относятся к группе незначительной степени риска.

      4. В дальнейшем по результатам проверки с учетом набранных баллов по критериям, субъекты контроля прошедшие проверку перераспределяются в соответствующие группы степени риска:

      1) к группе незначительной степени риска с частотой проверок 1 раз в пять лет относятся субъекты контроля, набравшие по результатам проверок 2 балла;

      2) к группе средней степени риска с частотой проверок 1 раз в три года относятся субъекты контроля, набравшие по результатам проверок 3 балла;

      3) к группе высокой степени риска с частотой проверок 1 раз в год относятся субъекты контроля, набравшие по результатам проверок от 5 до 10 баллов.

      5. Критериями для оценки степени риска в сфере частного предпринимательства являются:

      при последующем опубликовании официальных текстов нормативных правовых актов не указана дата введения их в действие - 2 балла;

      наличие комментариев печатного издания к публикуемым нормативным правовым актам - 3 балла;

      несоответствие при последующем опубликовании официальных текстов нормативных правовых актов эталонному контрольному банку нормативных правовых актов с корректорскими и (или) редакторскими правками и (или) сокращениями - 5 баллов.

  Приложение 2 к
Совместному приказу
и.о.Министра экономического
развития и торговли
Республики Казахстан
от 18 мая 2011 года № 138
и Министра юстиции
Республики Казахстан
от 5 мая 2011 года № 177

      Форма

Проверочный лист
в сфере частного предпринимательства в области последующего
опубликования официальных текстов нормативных правовых актов

      Орган юстиции, назначивший проверку _________________________________

      (Департамент юстиции областей,

      _____________________________________________________________________

      городов Астана, Алматы)

      Акт о назначении проверки ___________________________________________

      (№ __________, дата _____________)

      Ф.И.О физического или наименование юридического лица ________________

      _____________________________________________________________________

      (филиал или представительства)

Перечень требований

Да

Нет

1

Печатные издания, получившие право на последующее

официальное опубликование опубликовывают официальные

тексты нормативных правовых актов в точном их

соответствии эталонному контрольному банку

нормативных правовых актов без корректорских и

редакторских правок и сокращений



2

При последующем опубликовании официальных текстов

нормативных правовых актов имеются комментарии

печатного издания к публикуемым нормативным правовым

актам



3

При последующем опубликовании официальных текстов

нормативных правовых актов указана дата введения их

в действие




      Должность Ф.И.О., подпись лица (лиц), осуществившего(ших)

      проверку, № служебного телефона:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________