"Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 177 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 18 мамырдағы № 138 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1460 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 54 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17672 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 177 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 18 мамырдағы № 138 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6975 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 326 (26717) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғанынан кейін оны Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады