Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын куәландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 17 маусымдағы 2011 жылғы № 14-1/340 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7073 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 17-03/504 бұйрығымен. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 17-03/504 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.05 № 17-03/504 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын куәландыру ережесі бекітілсін.
      2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын сүректі куәландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 92 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3621 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2006 ж. № 2, 200-құжат, жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 17 маусымдағы 
№ 14-1/340 бұйрығымен  
бекітілген        

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiнен босату ережесiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда орман ресурстарын пайдаланудың айырықша тәртiбi белгiленген ормандарда бұл Ереже осы тәртiптi ескере отырып қолданылады.

2. Ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландыру

      2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер сүрек дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейiн кеспеағаштарды игерудiң толымдылығы мен дұрыстығын анықтау, толық кесiлмей қалған ағаштарды, тасып әкетiлмеген сүректi және сүрек дайындауды жүзеге асыру кезiнде басқа да тәртiп бұзушылықтарды анықтау мақсатында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүрекке куәландыру жүргiзедi.
      3. Куәландыруға рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген тасып әкету мерзiмi аяқталған ағаш кесудiң барлық орындары жатады.
      Сүрек дайындау мен тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғанда қайталама куәландыру жүргiзiледi.
      4. Сүрек босату кезiнде оны тасып әкету басталғанға дейiнгi мөлшерi ескерiле отырып, рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген оны уақытша жинап қою орындарында дайындалған сүрек мөлшерiне куәландыру жүргiзiледi. Бұл ретте өрттер бүлдiрген екпелерде, сондай-ақ дауыл мен жел құлатқан ағаштарды жинап әкету кезiнде куәландыру осы сүректi есепке алу ұйымдастырылған жағдайда төменгi қоймаларда жүргiзiлуi мүмкiн.
      5. Ағаш кесу орындарын куәландыру сүректi тасып әкету үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде жүргiзiледi.
      6. Куәландыру ағаш кесу орындарында анықталған тәртiп бұзушылықтарды дер кезiнде жою және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу мақсатында жұмыстар аяқталған соң техника мен жұмысшыларды басқа объектiлерге алып кеткенге дейiн жүргiзiледi.
      Жұмыстар рұқсат беру құжатында белгiленген мерзiмнен бұрын аяқталған жағдайда орман пайдаланушы жұмыстардың аяқталу мерзiмi жайында орман иеленушiге 10 күнтізбелік күн бұрын хабарлайды.
      Орман иеленушi жұмыстар аяқталғаннан кейiн 10 күнтізбелік күн iшiнде куәландыру күнi жайында орман пайдаланушыға жазбаша хабарлап, ағаш кесу орындарына куәландыру жүргiзедi.
      7. Кеспеағаштардың игерiлуiне объективтi баға беру мақсатында (өскiннiң сақталуы, кеспеағаштарды тазарту) куәландыру қарсыз кезеңде өткiзіледі. Ауа райы жағдайлары қолайсыз болған кездерде (қардың қалың түсуi, өзендердiң тасуы, жолдың бұзылуы) куәландыру орман пайдаланушымен келiсiм бойынша орман иеленушi белгiлейтiн басқа уақытқа ауыстырылады.
      8. Дайындалған сүректi немесе ағаш кесу орындарын куәландыру күнi жайында орман иеленушi орман пайдаланушыға немесе оның өкiлiне мерзiм белгiлеуден 15 күнтізбелік күннен кешiктiрмей хабарлайды.
      Орман пайдаланушы немесе оның өкiлi белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда орман иеленушiнiң куәландыруды оның қатысуынсыз өткiзуіне болады. Бұл ретте жасалған куәландыру актiсi орман пайдаланушыға 10 күнтізбелік күнде жiберiледi.
      9. Куәландыруды жүргiзу кезiнде орман иеленушiнiң өкiлдерiнде мыналар болуы қажет:
      рұқсат беру құжаттары (ағаш кесу билеттерi) немесе олардың көшiрмелерi және сүрек жинап қойылған орындар көрсетiле отырып, куәландырылуға жататын әрбiр кеспеағашқа (мөлдекке) арналған абристер;
      өлшеу құралдары мен аспаптары (бұрыш өлшеу аспабы, өлшеу лентасы, рулетка, өлшеу ашасы);
      кеспеағаштарды бөлу және таксациялау материалдары (ағаштарды қайта есептеу ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау ведомосы, кеспеағаш қорын алдын ала беру актiсi);
      куәландыру актiлерiнiң, орман тәртiбiн бұзушылықтар туралы актiлердiң, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы хаттамалардың, қайта есептеу ведомостарының, материалдық-ақшалай бағалаудың бланкiлерi, сондай-ақ қажеттi кестелер мен прейскуранттар.
      10. Куәландыруға қатысушы орман пайдаланушыда немесе оның өкiлiнде мыналар болуы қажет:
      заңды тұлға үшiн:
      орман пайдаланушының өкiлiне - өзiнiң атына жазылған сенiмхат;
      кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған дайындалған сүрек (соның iшiнде кәделiк) мөлшерi туралы анықтама;
      ресiмделген технологиялық карта;
      жеке тұлға үшiн:
      орман пайдаланушының өкiлiне - заңнамамен белгiленген тәртiппен ресiмделген өзiнiң атына жазылған сенiмхат;
      орман пайдаланушы қол қойған дайындалған сүрек (соның iшiнде кәделiк) мөлшерi туралы анықтама.
      11. Орман иеленушiмен толық есеп айырысу үшiн қажет ағаш кесу орындарын және дайындалған сүректi куәландыру нәтижелерi, сондай-ақ оның куәландыру кезiнде жасаған ескертпелер орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысушы барлық адамдар қол қоятын актiге енгiзiледi. Сонымен қатар куәландыру кезiнде алынған деректерден басқа орман пайдаланушы анықтамасының деректерi бойынша нақты дайындалған iскерлiк және отындық сүректiң мөлшерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.
      Анықтамалар, қайта есептеу ведомостары, абристер актіге қоса тiркеледi.
      12. Орман иеленушi куәландыру нәтижелерi бойынша жиынтық деректердi статистикалық есептiлiктiң белгiленген нысанына орай ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға ұсынады.
      13. Орман пайдаланушыларға бөлiнетiн сүрек дайындау көлемiн дұрыс орналастыру мақсатында орман иеленушiлер әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлық санаттағы ормандарда толық кесiлмей қалған ағаштарды, кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген кесу аяқталмаған кеспеағаштарды және осының алдындағы жылдың кесу басталмаған кеспеағаштарын, ал 1 мамырға сондай-ақ берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiн ескере отырып, дайындалған, бiрақ мерзiмiнде тасып әкетiлмеген сүректi анықтап, оны кезектi жылдың кеспеағаш қорына есептеуге мiндеттi.
      14. Куәландыру нәтижелерiнiң есебi әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, оның деректерi ағаш кесу билетiне жеке жолмен енгiзiледi.
      Куәландыруға сондай-ақ кеспеағаштармен аралас 50 метрлiк алқаптар жатады.
      15. Ағаш кесу орындарын куәландыру кезiнде кеспеағаштарды игерудiң толымдылығы мен дұрыстығы, кеспеағаштарды игеру технологиясының технологиялық карта мен ағаш кесу ережелерiне сәйкестiгi (кеспеағаштар мен сүрек сүйретiп шығаратын жерлердiң енi, тиеу алаңдарын, қоймаларды және басқа да қосымша объектiлердi орналастыру, орман шаруашылығын жүргiзу талаптарын сақтау) анықталады.
      Куәландыру кезiнде әрбiр кеспеағаш бойынша мыналар:
      кеспеағаш шекарасының және оған аралас жатқан 50 метрлiк алқаптың жай-күйi, сондай-ақ шекаралық, орамдық, кеспеағаштық және басқа да бағандардың сақталуы;
      дайындалған сүректiң мөлшерi;
      тасып әкетiлмеген сүректiң бар-жоғы;
      тыйым салған уақытта дайындалған және бұтақталған сүректiң мөлшерi;
      қабығы аршылмаған немесе басқа тәсiлдермен қорғалмаған сүректiң бар-жоғы;
      толық кесiлмей қалған ағаштардың бар-жоғы;
      тұқымдықтардың, тұқымдық шоқ ағаштардың және алқаптардың, сондай-ақ кесуге жатпайтын ағаштардың сақталуы;
      аспалы ағаштардың бар-жоғы;
      биiк түбiрлердiң бар-жоғы, ағаштар дiңдерi мен түбiрлерiнде нөмiрлер мен таңбалардың сақталуы;
      өскiндердiң, жас екпелердiң және орман дақылдарының сақталуы;
      кеспеағаштарды тазарту сапасы;
      топырақ эрозиясының пайда болуына әкеп соғатын өсiмдiк қабаты тұтастығының бұзылуы;
      ормандарды қалпына келтiру iс-шараларын жүргiзу қажеттiгi және оларды орындау мерзiмдерi анықталады.
      Орманды күтiп-баптау мақсатында кесу жүргiзiлген екпелердi куәландыру кезiнде оларды жүргiзу сапасына ағаш өсiру бағасы (ағаштарды кесуге тағайындаудың уақтылығы, қарқындылығы, негiздемесi және тағы да басқалар) берiледi, бұл туралы куәландыру актiсiне белгi қойылады.
      Куәландыру кезiнде сондай-ақ ағаш тасылатын жолдардың (магистральдардың, жол тармақтарының, жол бөлiктерiнiң) бойында тастап кетiлген сүректiң бар-жоғы анықталады.
      16. Сүректi босату кезiнде мөлшерiн ескере отырып, куәландыру дайындалған сүректi аралық куәландыру актiлерi бойынша оларды уақытша жинап қою орнына тасып әкеткенге дейiн жүргiзiледi.
      17. Орман пайдаланушының анықтамасы мен аралық куәландыру актiлерi бойынша алынған деректер ағаш кесу билеттерiндегi деректермен салыстырылады және нақты дайындалған сүректiң бүкiл мөлшерi үшiн орман пайдаланушының түпкiлiктi есеп айырысуына негiз болып табылады.
      18. Орман пайдаланушылармен түпкiлiктi есеп айырысу үшiн:
      ағаш кесу билеттерi;
      ағаш кесу орындарын куәландыру актiлерi, дайындалған сүректiң мөлшерi туралы анықтамалар, сондай-ақ нақты дайындалған сүректiң мөлшерiн растайтын басқа да құжаттар;
      төлемдердi қайта есептеу жөнiндегi материалдар.

Об утверждении Правил освидетельствования мест рубок и заготовленной древесины на участках государственного лесного фонда

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 июня 2011 года № 14-1/340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2011 года № 7073. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2012 года № 17-03/504

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 05.10.2012 № 17-03/504.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года № 1287 "Об утверждении Правил отпуска древесины на корню на участках государственного лесного фонда", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила освидетельствования мест рубок и заготовленной древесины на участках государственного лесного фонда.
      2. Признать утратившим силу приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 апреля 2005 года № 92 "Об утверждении Правил освидетельствования мест рубок и заготовленной древесины на участках государственного лесного фонда" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3621, опубликованный в бюллетене нормативных правовых актов Республики Казахстан, февраль 2006 г., № 2, ст. 200).
      3. Департаменту стратегии использования природных ресурсов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Утверждены приказом       
Министра сельского хозяйства  
Республики Казахстан      
от 17 июня 2011 года № 14-1/340

Правила
освидетельствования мест рубок и заготовленной древесины
на участках государственного лесного фонда

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила освидетельствования мест рубок и заготовленной древесины на участках государственного лесного фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года № 1287 "Об утверждении Правил отпуска древесины на корню на участках государственного лесного фонда", и устанавливают единый порядок освидетельствования мест рубок и заготовленной древесины на участках государственного лесного фонда.
      В лесах, где установлен особый порядок пользования лесными ресурсами, включая особо охраняемые природные территории, настоящие Правила применяются с учетом этого порядка.

2. Освидетельствование мест рубок и заготовленной древесины

      2. Государственные лесовладельцы, после окончания работ по заготовке древесины, в целях выявления полноты и правильности разработки лесосек, а также выявления оставшихся недорубов, не вывезенной древесины и других нарушений при осуществлении заготовки древесины, производят освидетельствование мест рубок и заготовленной древесины на участках государственного лесного фонда.
      3. Освидетельствованию подлежат все места рубок, где закончился срок вывозки, указанный в разрешительных документах.
      При предоставлении отсрочек на заготовку и вывозку древесины по истечении срока этих отсрочек проводится повторное освидетельствование.
      4. При отпуске древесины с учетом по количеству до начала ее вывозки производится освидетельствование количества заготовленной древесины в местах временного ее складирования, указанных в разрешительных документах, по заявкам лесопользователя. При этом в насаждениях, поврежденных пожарами, а также при разработке бурелома и ветровала освидетельствование может проводиться на нижних складах при условии организации учета этой древесины.
      5. Освидетельствование мест рубок производится в течение 30 календарных дней со дня окончания срока, установленного для вывозки древесины.
      6. Освидетельствование производится после окончания работ, до перебазирования техники и рабочих на другие объекты в целях своевременного устранения выявленных нарушений и проведения лесохозяйственных мероприятий на вырубках.
      При окончании работ ранее срока, установленного в разрешительном документе, лесопользователь за 10 календарных дней извещает лесовладельца о сроке окончания работ.
      Лесовладелец в течение 10 календарных дней после окончания работ проводит освидетельствование мест рубок, письменно уведомив лесопользователя о дне освидетельствования.
      7. В целях объективной оценки разработки лесосек (сохранение подроста, очистка лесосек) освидетельствование проводится в бесснежный период. При неблагоприятных климатических условиях (значительный снежный покров, разлив рек, распутица) освидетельствование переносится на другое время, определяемое лесовладельцем по согласованию с лесопользователем.
      8. О дне освидетельствования заготовленной древесины или мест рубок лесовладелец письменно извещает лесопользователя или его представителя не позднее, чем за 15 календарных дней до назначения срока.
      При неявке лесопользователя или его представителя к назначенному сроку лесовладелец может провести освидетельствование без его участия. Составленный при этом акт освидетельствования высылается лесопользователю в течение 10 календарных дней.
      9. При освидетельствовании представителям лесовладельца необходимо иметь при себе:
      разрешительные документы (лесорубочные билеты) или их копии и абрисы на каждую, подлежащую освидетельствованию лесосеку (делянку), с указанием мест складирования древесины;
      измерительные приборы и инструменты (угломерный инструмент, мерная лента, рулетка, мерная вилка);
      материалы по отводу и таксации лесосек (ведомость перечета деревьев, ведомость материально-денежной оценки лесосек, акт предварительной передачи лесосечного фонда);
      бланки актов освидетельствования, актов о лесонарушениях, протоколов о нарушении правил пожарной безопасности, перечетных ведомостей, материально-денежной оценки, а также необходимые таблицы и прейскуранты.
      10. Участвующему в освидетельствовании лесопользователю или его представителю необходимо иметь при себе:
      для юридического лица:
      на представителя лесопользователя - доверенность;
      справку о количестве заготовленной древесины (в том числе деловой), за подписью руководителя предприятия и главного бухгалтера;
      оформленную технологическую карту;
      для физического лица:
      на представителя лесопользователя - доверенность, оформленную в установленном законодательством порядке;
      справку о количестве заготовленной древесины (в том числе деловой), за подписью лесопользователя;
      оформленную технологическую карту.
      11. Результаты освидетельствования мест рубок, и заготовленной древесины, необходимые для производства полного расчета с лесовладельцем, а также его замечания, сделанные при освидетельствовании, заносятся в акт, подписываемый представителями лесовладельца, лесопользователя и всеми участвующими в освидетельствовании лицами. А также кроме данных, полученных при освидетельствовании, вносятся сведения о количестве фактически заготовленной деловой и дровяной древесины, по данным справки лесопользователя.
      Справка, перечетные ведомости, абрисы прилагаются к акту.
      12. Сводные данные по результатам освидетельствования лесовладелец представляет вышестоящей организации по ведомственной подчиненности.
      13. В целях правильного размещения выделяемого лесопользователям объема заготовки древесины, лесовладельцы по состоянию на 1 января каждого года выявляют в лесах всех категорий недорубы, не законченные рубкой лесосеки, на которые представлена отсрочка, и не начатые рубкой лесосеки предыдущего года, а на 1 мая также количество заготовленной, но не вывезенной в срок древесины, с учетом предоставленной отсрочки, и засчитывать их в лесосечный фонд очередного года.
      14. Учет результатов освидетельствования ведется по каждой лесосеке (делянке), данные о которой внесены в лесорубочный билет отдельной строкой.
      Освидетельствованию подлежат также 50-метровые полосы, смежные с лесосеками.
      15. При освидетельствовании мест рубок устанавливается полнота и правильность разработки лесосек, соответствие способов разработки лесосек (ширина лесосек и волоков, размещение погрузочных площадок, складов и других вспомогательных объектов, соблюдение лесоводственных требований) технологической карте и правилам рубок леса.
      При освидетельствовании по каждой лесосеке выявляется:
      состояние границ лесосеки и 50-метровой полосы, смежной с ней, а также сохранность граничных, квартальных, лесосечных и других столбов;
      количество заготовленной древесины;
      наличие не вывезенной древесины;
      количество древесины, заготовленной и стрелеванной в запрещенное время;
      наличие неокоренной или незащищенной другими способами древесины;
      наличие недорубов;
      сохранность семенников, семенных куртин и полос, а также деревьев, не подлежащих рубке;
      наличие зависших деревьев;
      сохранность подроста, молодняка и лесных культур;
      качество очистки лесосек;
      необходимость проведения лесовосстановительных мероприятий и сроков их выполнения.
      При освидетельствовании насаждений, пройденных рубками ухода за лесом, дается лесоводственная оценка качеству их проведения (своевременность, интенсивность, обоснованность назначения деревьев в рубку и так далее), о чем делаются отметки в акте освидетельствования.
      При освидетельствовании выявляется также наличие брошенной древесины вдоль лесовозных дорог (магистралей, веток, усов).
      16. При отпуске древесины с учетом по количеству освидетельствование проводится до ее вывозки в места временного складирования по актам промежуточного освидетельствования заготовленной древесины.
      17. Данные, полученные по справкам лесопользователя и актам промежуточного освидетельствования, сопоставляются с данными  лесорубочных билетов и являются основанием для окончательных расчетов лесопользователя за все количество фактически заготовленной древесины.
      18. Основаниями для окончательных расчетов с лесопользователями служат:
      лесорубочные билеты;
      акты освидетельствования мест рубок, справки о количестве заготовленной древесины, а также другие документы, подтверждающие количество фактически заготовленной древесины;
      материалы по перерасчету платежей.