Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарын жойылуға қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 17-03/504 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкіміне сәйкес бұйырамын:
      1. Осы бұйрықтарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтар күшіне енген күннен бастап апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен ресми баспасөз басылымдарына бұйрықтардың көшірмесін жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 5 қазандағы  
№ 17-03/504 бұйрығына  
қосымша           

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарын жойылуға қою туралы тізбесі

      1) «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 01 қыркүйектегі N 557 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйекте № 6516 болып тіркелген; «Казахстанская правда» газетінде 14.12.2010 ж. № 338 (26399), «Егемен Қазақстан» газетінде 18.03.2011 ж. № 94-97 (26499) жарияланған);
      2) «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 289 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда № 6250 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінде 06.08.2010 ж. № 315-316 (26159). «Казахстанская правда» газетінде 18.02.2012 № 51 (26870) жарияланған);
      3) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын куәландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 14-1/340 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7073 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінде 21.09.2011 ж № 447-448 (26843), «Казахстанская правда» газетінде № 304 (26695) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады