Ескерту. Күші жойылды (ҚР Қаржы министрінің 16.01.2013 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2013 туындалған қатынастарға таратылады) бұйрығының 37-қосымшасының 9-тармақшасын қараңыз).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
7-қосымшада:
қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкасының нысанын осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес мазмұндалсын;
қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкасы салық органының фирмалық бланктарында басып шығарылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 333 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 633 бұйрығына 7-қосымша
нысан
Қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін
(салық салуға байланысты)
ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫ
_____________________________ _______________________________
салық органының атауы наименование налогового органа
_____________________________ ______________________________
_____________________________ ______________________________
салық органының мекен жайы адрес налогового органа
______________№________________
_______________________________