"Құжаттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 333 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 шілдеде № 7083 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 19 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды (ҚР Қаржы министрінің 16.01.2013 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2013 туындалған қатынастарға таратылады) бұйрығының 37-қосымшасының 9-тармақшасын қараңыз).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      7-қосымшада:
      қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкасының нысанын осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес мазмұндалсын;
      қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкасы салық органының фирмалық бланктарында басып шығарылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 333 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 633 бұйрығына 7-қосымша

нысан

Қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін
(салық салуға байланысты)
ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫ

_____________________________ _______________________________
   салық органының атауы               наименование налогового органа

_____________________________          ______________________________
_____________________________          ______________________________
салық органының мекен жайы              адрес налогового органа

______________№________________
_______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады